• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қаңтар 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

07.05.2022
0
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсімге қатысушыларды  Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мейрамымен құттықтап, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің үлесін ерекше атап өтті.

– Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы кезеңде әскеріміз айбынды армияға айналды. Қырағы жауынгерлеріміз ел шебін қас қақпай күзетіп тұр. Олар мемлекеттігімізді нығайтуға зор еңбек сіңіруде. Қарулы Күштеріміз – Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры, елдіктің берік қалқаны, – деді Мемлекет басшысы.

 

Президент жақсы жабдықталған заманауи армия мемлекеттілігіміздің берік қорғаны екенін айтты.

– Геосаяси тұрақсыздық, жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер жағдайында біз ұлттық мүддемізді қорғауға, мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға дайын болуымыз керек. Сондықтан қорғаныс әлеуетін нығайту әрдайым біздің маңызды басымдығымыз болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы күштік органдарда қызмет етудің абыройлы миссия және үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Оның айтуынша,  Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздары мен сардарлары өздерінің ептіліктері мен қабілеттерін тұрақты түрде шыңдай отырып, озық жауынгерлік шеберліктерін көрсетіп келеді.

Президент Екінші Дүниежүзілік соғыста 500-ге жуық жерлесіміз Кеңес Одағының батыры атанғанын, бірақ көптеген майдангеріміздің ерліктері түрлі себептерге байланысты елеусіз қалғанын еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушы офицерлерге аты аңызға айналған үш ержүрек жауынгердің ерен ерлігі туралы айтты. Бұл майдангерлерге қаза болғаннан кейін бүгін «Халық қаһарманы» атағы берілді.

– Біріншісі – атақты мерген Төлеуғали Әбдібеков. Ол бір өзі майдан даласында 397 жаудың көзін жойған. Бұл ерлік тиісті құжаттармен дәлелденген. Қазақтың қаһарман ұлы қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Бірақ, ерлігі ескерусіз қалды. Капитан Александр Несмиянов та ерекше ерлік пен қаһармандық көрсетті. Ол бораған оққа қарамастан, орда бекінген бүкіл батальонды өзімен бірге шабуылға көтерді. Жау қорғанысын бірінші болып бұзған Несмиянов жаудың 20 жауынгерімен жалғыз алысып, 13-інің көзін жойған. Қалғанын бас сауғалауға мәжбүр етті. Кезекті ұрыста ол жау шебінің тылына өтіп, басты қауіпті өзіне бұрды, сөйтіп жаудың қорғаныс шебін серіктерінің бұзып өтуіне мүмкіндік жасады. Ал ротаның екі командирі жараланған соң, басшылықты өз  қолына алды. Александр Несмиянов үш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды, бірақ, әр кез оған әділетсіздік жасалып, елеусіз қалды. Жерлесіміз Ыбырайым Сүлейменов те құралайды көзге атқан нағыз мерген болған. Ол бір жылдың ішінде 289 жау әскерін жойды. Бұл ерлік те тарихи деректерде көрсетілген. Қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова екеуі соңғы демі қалғанша жаумен арпалысып, қаза тапты. Батыр атағына екеуі қатар ұсынылғанымен, Ыбырайым Сүлейменовтің ерлігі жоғары деңгейде бағаланбады, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шараға қатысқан Төлеуғали Әбдібеков пен Ыбырайым Сүлейменовтің туыстарына Халық қаһарманының ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» бен «Отан» орденін табыстады. Ал Александр Несмияновтың наградасы музей төрінен орын алады.

Төлеуғали Әбдібековтің туысы Айгүл Кемелбаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа және даңқты атасының атын мәңгі есте сақтауға атсалысқан жауапты тұлғалардың бәріне алғысын айтты. Ыбырайым Сүлейменовтің қарындасы Айткүл Сүлейменова Мемлекет басшысына шын жүректен алғыс білдірді. Сондай-ақ Президентке зор денсаулық тілеп, Жаңа Қазақстанды құру ісінде табысқа жетуіне ниеттестік білдірді және сөзін «Біз Сізге сенеміз», – деп аяқтады.

– Бұл – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы. Біз ерлеріміздің есімін жаңғыртып, оларды ұлықтай беретін боламыз. Өйткені, ерлік ешқашан ескірмейді. Майдангер аға буын кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге, – деді Мемлекет басшысы.

Сөзінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген еліміздің барша азаматына алғыс айтты.

Бұдан кейін Президент мемлекеттік наградаларды табыстап, офицерлерге әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берді.

 

Мемлекет басшысының қолынан әскери және арнаулы атақ, сыныптық шен алған офицерлердің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

 

I дәрежелі «Даңқ» орденімен

Лепеха Игорь Владимирович – Ішкі істер министрлігінің аппарат басшысы;

 

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен

Ақтанов Қайрат Михаилұлы – Ұлттық гвардия Бас қолбасшысының бірінші орынбасары
Бәденов Фазылолла Жұмағазыұлы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас штаб бастығы
Ирменов Марат Гатауллаұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы департаментінің бастығы
Көшекбаев Мереке Мәтімұлы – Қорғаныс министрлігі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің  қолбасшысы;

 

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Аймұқанов Ренат Борисұлы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі
Әкітбаев Қадыржан Естайұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқарма басшысының орынбасары
Қуатов КонстантинБейсенұлы – Ұлттық гвардия «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары
Мырзахмет Нұрлан Амандықұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті департамент бастығының орынбасары
Оралбеков Нұржан Қойшыбекұлы – Қорғаныс министрлігі десанттық-шабуылдаушы батальонының командирі
Сұлтанбекұлы Жандарбек – Жамбыл облысы Байзақ ауданының прокуроры
Хасанов Тимур Төлегенұлы – Қаржылық мониторинг агенттігі департамент басшысының орынбасары
Хасенов АзаматБақытжанұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығы
Шалбаев Ердос Елубайұлы – Мемлекеттік күзет қызметі департамент бастығының орынбасары;

 

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Молдаханов Мәди Қанышұлы – Қорғаныс министрлігі барлау ротасының топ сержанты;

 

«Құрмет» орденімен

Агафонова Ольга Валерьевна – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаментінің басқарма бастығы
Ілияс Жанар Мұхаммедрахымқызы – Құқық қорғау органдары академиясының басқарма бастығы;

 

«Ерлігі үшін» медалімен

Ефремов Евгений Сергеевич – Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметінің №1 арнайы өрт сөндіру бөлімшесінің командирі
Ешмағанбетов Қанат Маратұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №10 өрт сөндіру бөлімшесі бастығының орынбасары
Сұрағанов Ерлік Нұрланұлы – Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаментінің полицей-кинологы
Тойжігітов Әлімжан Досмұханбетұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі;

 

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен

Базарбайұлы Қайрат – Қорғаныс министрлігі инженерлік-саперлік ротасының командирі
Бекеев Ернар Өмірбайұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті департамент бастығының орынбасары
Қараев Талғат Темірбекұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аға офицері
Қожабаев Ерік Елеусізұлы – Қорғаныс министрлігі әскери бөлім командирінің орынбасары
Күзенов Нұрболат Байғабылұлы – Мемлекеттік күзет «Көкжал» арнаулы мақсаттағы басқармасының күзет офицері
Махалиева Мөлдір Бақытжанқызы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің аға жедел уәкілі
Мырзабаев Алмас Ілесбекұлы – Қорғаныс министрлігі десанттық-шабуылдаушы батальонының командирі
Түсіпов Серік Амантайұлы – Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары;

 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Әлімқұлова Эльмира Рахметілдәқызы – Қорғаныс министрлігі Әскери клиникалық госпиталінің дәріхана бастығы.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

Айғақ медиа
15.01.2026
0

2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ақылы автомобиль жолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелді. Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4...

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

Биыл елімізде электронды денсаулық паспортының форматы түбегейлі жаңарады. Денсаулық сақтау министрлігі қазір мемлекеттік және жеке клиникаларды өз деректерін орталық қорға...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

▪️Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңірді ағын сумен қамтамасыз ету және су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар...

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.