«Amanat» партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде Мемлекет басшысы “Amanat” партиясынан шығатынын айтты.
«Бүгіннен бастап «Amanat» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда, Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтамын».
Жетекші партияның ХХІІІ съезінде бұдан өзге де тақырыптар қозғалды:
📌 «Аmаnаt» әлеуметтік әділдікті орнықтыруға әрдайым баса мән береді»;
📌«Қаңтар оқиғаларынан кейін мемлекет пен қоғамды түбегейлу жаңарту үдерісі басталды. “Amanat” осы жүйелі өзгерістерге белсене атсалысуда. Қолға алынған реформаларға партия жан-жақты қолдау көрсетуде»;
📌«Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте, партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды»
📌 Adal партиясы Amanat құрамына кірді;
📌 «Amanat» партиясының жаңа төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды.
Жалпы партияның кезектен тыс ХХІІІ Съезіне 403 делегат сайланды.
Саяси партиялар туралы қолданыстағы заңнаманың және “AMANAT” Жарғысының талаптарына сәйкес Съезге 789 мың партия мүшесін қамтитын барлық филиалдардан өкілдер сайланды.