Нөсер жауыннын салдарынан 24-нен 25-ші сәуірге қараған түні Қазығұрт ауданындағы Шанақ ауылын су басты. 20-ға жуық үйді су шайып, нәтижесінде қора-қопсылар мен үй қоршаулары қираған. Сондай-ақ, мал шығыны орын алды. Қазіргі уақытта қырылған мал басының саны есептелуде. Алдын ала болжам бойынша, Қазығұрт асуындағы сай-сайға жиналған жаңбыр суынының арнасынан асуы себеп болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша селдің келуі түнгі 10:30 дар шамасында басталған. Қазіргі уақытта апаттың салдарымен күресі үшін 200 жуық ерікті мен 10 техника жұмылдырылды. Жауынның салдарынан зардап шеккен ауылдан фоторепортаж: