Бүгін еліміздің барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылды.
«2022 жылдың 20 сәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», деп хабарлайды «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, делінген ресми хабарламада.