ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров AMANAT партиясы жанындағы «Miras» — азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысына қатысты. Бұл туралы аталмыш ведомствоның ресми сайтында жарияланды.
ҚР Парламенті депутаттары, қоғамдық ұйым жетекшілері мен сарапшылар, шығармашылық интеллигенция өкілдері қатысқан отырыста Мемлекет Басшысының ақпарат саласын құқықтық жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру және журналистердің кәсіби әлеуетін нығайту мәселелері талқыланды.
— Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің биылғы халыққа Жолдауында атап өткендей, бізге еліміздің идеологиялық егемендігіне байланысты бәсекеге қабілетті және еркін бұқаралық ақпарат құралдары болуы қажеттігін; отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс,- деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, А.Умаров қатысушыларды бұқаралық ақпарат құралдарын кәсіби жетілдіру мен сапалы дамытуды құқықтық, ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдау бойынша Министрліктің ағымдағы қызметімен таныстырды.
Бұған қоса, Ақпарат және қоғамдық даму министрі БАҚ саласын құқықтық реттеуді жетілдіру заң жобасын әзірлеу жұмысы басталғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта біз ұсыныстар жинап, БАҚ саласындағы қоғамдық ұйым өкілдерімен келіссөздер жүргізудеміз. Сарапшылармен бірлесе отырып заңнаманы жетілдіру тетіктері бойынша концепция әзірлейміз. Бұл үшін БАҚ, азаматтық қоғам, ҮЕҰ өкілдерін, қоғам қайраткерлері және басқа да мүдделі ұйымдарды тарта отырып, арнайы жұмыс тобы құрылады», — деді министр.
Сөз соңында Асқар Умаров AMANAT партиясы жанындағы «Miras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелерін ұсыныстар жолдап, аталмыш талқылауларға атсалысуға шақырды.