ҚР Президентінің Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
«Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын», делінген Жарлықта.
Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған. 1988-1992 жылдары Өзбекстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің есептеу орталығының экономика ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, 1992-1993 жылдары Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист, 1994-1999 жылдары әкімнің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары, 1999-2002 жылдары облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.