• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Сәуір 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҰСТАЗЫН ҮЛГІ ЕТТІ

30.03.2022
0
300-ге жуық ұстаздың басын қосқан «Ясауи көктемгі мектебі» жобасына арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев педагогтардың сан алуан сұрақтарына жауап берді. Облыс әкімі мектептегі ұстазын үлгі етіп, өзінің осы дәрежеге жеткеніне мектеп табалдырығындағы мұғалімінің тәрбиесінің арқасында екенін ерекше еске алды.
«Бұл кездесу жоспарда жоқ еді. Алайда осында облысымыздың түпкір-түкпірінен ұстаздар жиналып жатқанын естіп, өздеріңізбен жүздесіп кетуге арнайы келдім. Сіздердің еңбектеріңіз ерен. Бәріміз мектептен шықтық. Мен оқыған мектебімде Сәуле Әлжанқызы деген апайымыз болды. Берген тәрбиесі, сол кісінің жұмысы, мектепке деген адалдығы, бар жан-тәнін салып жұмыс істегені әлі менің есімнен кетпейді. Ол мектепте тұратын. Сол жерде қыстың күні пеш орналасқан бөлмеде жүріп, жұмысшылармен бірге от жағатын. Осындай кісілердің арқасында осындай мықты ұстаздан үлгі алған талай ұрпақ тәрбиеленді. Сол кісілердің тәрбиесі бәрімізге жетті. Ешкімнен кем тәрбиеленген жоқпыз. Білім жағынан да, тәрбие, спорт жағынан да. Бүкіл мектептердегі жұмыстарды ұйымдастыру сіздерге байланысты. Жас кезімізде біз математика, физика олимпиадаларына дайындалатынбыз. Музыкамен айналысатынбыз. Өнерге жақын болдық, күрес, футболға барып, бос уақыт болмайтын. Оның бәрін сол мектептегі мұғалімдер ұйымдастыратын. Сол сияқты көп нәрсе сіздерге байланысты. Қазір, әрине басқа заман. Балалар компьютерде отырады. Оның бәрі пайда әкелмейді.
Денсаулықтың жақсы болуы 90 пайыз адамның салауатты өмір салтына, қалғаны медицинаға байналысты. Сондықтан балалардың жан-жақты дамуы сіздерге байналысты», — деді Өмірзақ Шөкеев.
Облыс басшысы өңірдің үш жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен бөлісті. Өз кезегінде ұстаздар еркін әңгіме барысында Өмірзақ Естайұлына сұрақтарын қойды. Өңір мұғалімдері білім ұяларының күрделі жөндеуден өтуі, пән сыныптарының ашылуы, өңірдегі инфрақұрылымның дамуы секілді мәселелер бойынша сауалдарына тұшымды жауап алды.
Арнайы жобаға шақырылған білім ұяларының ұстаздары облыстың түкпір-түкпірінен келген. Маңызды жобаны ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдығына орай, оқу ордасы мен «Soft Skills Qazakhstan» компаниясы ұйымдастырды. Жобаның мақсаты – жылдам өзгеріп жатқан әлемде инновациялар мен заманауи технологияларға бағдарланған жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің сынып жетекшілері мен мұғалімдерін балалармен жұмыс істеуге бейімдеу арқылы білімдері мен біліктіліктерін арттыру.
Көктемгі мектепке Түркістан облысындағы жалпы білім беретін мектептердің оқу және тәрбие ісінің меңгерушілері, мұғалімдері қатысуда. Олар бес бағыт бойынша заманауи әдістер мен тәсілдерді меңгеруде. Атап айтсақ, «ХХІ ғасырдың басты дағыдысы: Эмоционалды интеллект», «Қазіргі заманғы мектеп: Жастар кәсіпкерлігін қолдау», «Қазіргі заманғы педагогиканың негізгі мәселесі: Буллингпен күрес және балалар құқығын қамтамасыз ету», «Болашақтың мектебі: Аралас білім беру (Blended Learning)», «Трансформациялық көшбасшылық: әлемді жақсы жаққа бірге өзгертейік» бағыттары қамтылған.
Кездесуден соң облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев университетттің 30 жылдығына орай ашылған аллеяға ағаш отырғызып, Наурыз мерекесінің салтанатты іс-шарасына қатысты.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.