Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»ЖЕТІСАЙДА МОЛ ӨНІМ АЛУДЫҢ ТӘСІЛІ МЕН МАҚТАНЫҢ ЖАҢА ТҰҚЫМЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
    Агро

    ЖЕТІСАЙДА МОЛ ӨНІМ АЛУДЫҢ ТӘСІЛІ МЕН МАҚТАНЫҢ ЖАҢА ТҰҚЫМЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.02.2022339 Views
    Қазіргі таңда елімізде ағын су тапшылығ айқын сезіліп жатыр. Сондықтан суды үнемдеу және өзге де тәсілдер қолданысқа енгізілуі тиіс. Түркістан облысы, Жетісай ауданының диқандары егін егуде жаңа технология мен ғылыми жаңалықтарды қолдануды түсіндіру үшін ашық аспан астында семинар өткізді.
    Ерекше форматта өткен жиынға Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек, ауылдық округ әкімдері мен жер мамандары, ірі шаруа қожалықтар мен кооператив төрағалары, мақта ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары қатысты. Мақсат – лазерлі тегістегіш арқылы шаруаларға ағын суды үнемдеу мен мақтаның «Мақтаарал-5027» жаңа тұқымының тиімділігін таныстыру. Бірнеше жылдан бері лазерлі тегістегіш тәсілін қолданып, ағын суды үнемдеумен қатар мақта дақылынан мол өнім алып келе жатқан «Нұралы жол-Ж» шаруа қожалығының төрағасы Ербол Ералиев жобаның тиімділігін түсіндірді.
    «Лазерлі тегістегіш тәсілін қолданған соңғы 3 жылда жер айдауды тоқтатқанбыз. Жерді тегістеп, 2-3 мәрте алатын жазғы суымызды да бір-ақ рет аламыз. Қысқы сор шаю жұмыстарын жүргізу кезінде жерді 70-80 сантиметрге дейін терең қопсытып, 10-15 сантиметріне дейін су қоямыз. Бұған дейін қысқы сор шаю жұмыстары кезінде гектарына 8 текше метрге дейін ағын су пайдалансақ, қазір гектарына 3,5-4 текше метр ғана су пайдаланамыз. Мұндай әдісті 7-8 жылда бір қолдану керек» дейді ол.
    Семинар барысында мақта зиянкестеріне төзімді «Мақтаарал-5027» жаңа сортының таныстырылымы өтті. Мамандардың айтуынша, 117-119 күнде пісетін дақылдың өнімділігі гектарына 42-45 центнерді құраса, талшық шығымдылығы – 38,7%. Жаңа сортты айналымға енгізу арқылы мақтаның аса қауіпті зиянкестеріне қарсы өңдеу шығыны азайып, мақта өнімділігін арттыра отырып, қосымша табысты гектарына 160 мың теңгеге жеткізуге болады.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.