Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқтар Ерман, Ғани Ташқараев және «Nur Otan» Партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева Абай ауданына қарасты Жаңаталап елдімекенінің тұрғындарымен кездесті.
Ашық форматтағы жиын барысында ауыл ақсақалы Пашаев Әбдурашид қаншама жылдан бері шешілмей келе жатқан құжатсыз үйлердің жайын көтерді. Яғни, мақсаты басқа жер телімдерінде тұрып жатқан тұрғындар бүгінге дейін жол, су, электр жарығын халық өз күштерімен шешіліп келе жатқанын айтып Мәжіліс Депутаттарының назарына ұсынды.
Өз кезегінде сөз алған мамандар мәжілісімендердің алдында түйінді 6 айда шешіп беретіндігі жөнінде уәдесін берді. 6 айға дейін бақылауда болатынын айтқан Ғани Әбдіғаниұлы заңсыз карьер қазу ісінде көтеріп тұрғындардың наразылығын туғызға жұмыстардың жүйелі түрде шешіліп арыз аяқсыз қалмауы қадағалауға алатынын алға тартты.