• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 18, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ЖЫЛЫТУ АҚЫСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?

24.02.2022
0

ҚР ҰЭМ ТМРК жыл сайын жылыту кезеңінде ел тұрғындарын  жылытуды үнемдеу бөлігінде, және ағымдағы жылыту кезеңінде де нұсқама беріледі, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты, тұтынушыларды өз қаражатын үнемдеу мақсатында үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға шақыруды жалғастыруда.

Жылыту ақысын қалай үнемдеу керектігін жақсы түсіну үшін жылумен жабдықтау қызметтері үшін төлем мөлшерін есептеу тетігі туралы көбірек білу қажет.

Жылу энергиясын жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет үшін төлемақы мөлшерін есептеу тетігі табиғи монополиялар туралы заңнамада айқындалған.

Осы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектісі тарифтік реттеуші бекіткен тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға міндетті.

Ең маңызды аспект жылумен жабдықтау қызметіне арналған тариф тұтынушының есепке алу аспабының болуына немесе болмауына байланысты сараланады. Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабы болған кезде жылу үшін ақы төлеу мөлшері ай сайынғы көрсеткіш пен бекітілген тариф негізге алына отырып айқындалады.

Ал, үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған жағдайда жылуға ақы төлеу мөлшері жергілікті атқарушы орган бекітетін есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне арналған тұтыну нормасына және тарифтік реттеуші бекіткен тарифке сүйене отырып, есептеу жолымен айқындалады. Бұл ретте, мұнда жылуды есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тариф қолданылады.

Сонымен қатар, ҚР ҰЭМ ТМРК есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне арналған тариф есепке алу  аспаптары бар тұтынушыларға қарағанда жоғары екенін атап өтті.

Бүгінгі күні астанада және республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда жылу энергиясын үйге ортақ есепке  алу аспаптарымен жарақтандырылуы 27,3%-дан 100%-ға дейін (мысалы, Нұр – Сұлтан қаласында («Астана-Теплотранзит» АҚ) — 99,4%, Алматы қаласында («Алматы жылу желілері» ЖШС) — 97%).

Сондай-ақ, жылу энергиясын есепке алу үшін үлгілері өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген, өлшем құралдарын бастапқы немесе кезеңдік салыстырып тексеру құралы құжаттары бар коммерциялық есепке алу аспаптары пайдаланылады (Жылу энергиясын пайдалану қағидалары). Жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын күтіп ұстау, техникалық қызмет көрсету және салыстырып тексеру теңгерімдік тиесілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары мемлекеттік метрологиялық қызметпен, сондай-ақ осы қызмет түріне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерімен есепке алу аспабының түріне байланысты 4-5 жылда 1 рет жүзеге асырылатын салыстырып тексеруге жатады.

2021 жылы «Астана Теплотранзит» АҚ-ның  деректері бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйлерде орнатылған 1516 үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабына тексеру жүргізу талап етілді, алайда 247 жылу энергиясын есепке алу аспабы тексеруден өтпеді және тиісінше тексеру мерзімі аяқталды. Ал «Алматы жылу желілері» ЖШС-ның деректері бойынша Алматыда 332 үйге ортақ  жылу энергиясын есепке алу аспабына тексеру жүргізу талап етілді, алайда 164 жылу энергиясын есепке алу аспабы тексеруден өтпеді және тиісінше тексеру мерзімі аяқталды.

Осыған байланысты, есепке алу аспаптарын тексеру мерзімдері өткен тұрғын үйлерде қазіргі уақытта ақы төлеу тұтынудың бекітілген нормасы бойынша жүргізіледі (жергілікті атқарушы органдар бекітеді), бұл үйге ортақ есепке алу аспаптарының ай сайынғы көрсеткіштері негізге алына отырып жүргізілген төлеммен салыстырғанда жоғары.

Сондай-ақ, 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үйлерінде орнатылған тағы 1048 жылуды есепке алу аспаптарын және Алматы қаласындағы 2610 жылуды есепке алу  аспаптарын тексеру қажет екенін хабарлағым келеді.

2021 жылы жылу энергиясын есепке алу аспаптарын тексеру мерзімдері өткен тұрғын үйлердің тізімі  және 2022 жылы жылу энергиясын есепке алу аспаптарын тексеруді жүргізу қажет тұрғын үйлердің тізімімен төменде көрсетілген сайттардан танысуға болады:

  1. Нұр-Сұлтан қ.: www.a-tranzit.kz
  1. Алматы қ.: www.gov.kz/memleket/entities/krem/activities/directions?lang=ru
  1. Шымкент қ.: www.kzho.kz
  1. Алматы облысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/269461?lang=ru
  1. Ақмола облысы: https://kzinfo.kz/content/ustanovka-priborov-ucheta
  1. Ақтөбе облысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/270866?lang=ru

https://www.aqtobesuenergy.kz

  1. Атырау облысы: www.ahps.kz
  1. Шығыс Қазақстан облысы: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/270893?lang=ru

https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/270896?lang=ru

  1. Батыс Қазақстан облысы:

http://jte.kz/fileadmin/user_upload/docx/SBYT/Schetchiki/Doma_dlja_poverki_2022.xlsx

https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-burlin/press/news/details/328633?lang=ru

  1. Жамбыл облысы: https://taraztransenergo.kz/pu
  1. Қарағанды облысы:

https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/270910?lang=ru

https://abayteplo.kz

  1. Қостанай облысы:

https://jtek.kz

https://rudteploset.kz

https://lgke.kz/index.php/o-predpriyatii

  1. Қызылорда облысы:ktez.kz
  2. Манғыстау облысы: www.gov.kz/memleket/entities/krem/activities/directions?lang=ru
  1. Павлодар облысы: https://pavlodarenergo.kz
  1. Солтүстік Қазақстан облысы: www.gov.kz/memleket/entities/krem/activities/directions?lang=ru17
  1. Түркістан облысы: www.gov.kz/memleket/entities/krem/activities/directions?lang=ru

Ескерт.: қазіргі уақытта Түркістан облысы ТМС ЖЕАҚ бойынша ақпаратты ҚР ҰЭМ ТМРК сайтында орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, ҚР ҰЭМ ТМРК тұтынушылардың назарына Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес мүлік иелерінің бірлестіктері немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген тұлғасы не көппәтерлі тұрғын үй басқарушысы немесе басқарушы компания (ПИК) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу  аспаптарына уақтылы тексеру жүргізуді қамтамасыз ететіндігін жеткізеді.

Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу  аспаптарымен жылу энергиясын есептеу салқындатқыштың температурасына байланысты анықталады, сондықтан ауа-райына байланысты жылумен жабдықтау параметрлерінің өзгеруіне байланысты жылу энергиясын біркелкі тұтыну мүмкін емес.

Осылайша, жылу энергиясы үшін ақы төлеу ай сайын ауа-райына байланысты өзгереді, сыртқы ауа температурасы неғұрлым төмен болса, жылу энергиясын тұтыну көлемі соғұрлым жоғары болады, демек, жылумен жабдықтау қызметтеріне төлем жоғары болады.

Енді қалай үнемдеуге болады деген сұрақ туындайды?

1. Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнату.

Тұтынушы үшін үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарының  болуы тиімді, себебі жылумен жабдықтау қызметтерін үнемдеуге мүмкіндік береді.

2. Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабына уақытылы тексеру жүргізу.

Тұтынушылар ПИК немесе МИБ бірлесіп есепке алу аспаптарын тексеруді уақтылы жүргізуі қажет, себебі тексеру мерзімі өткен жағдайда жылу үшін төлем бекітілген тұтыну нормасы бойынша жүргізіледі, бұл үйге ортақ  есепке алу аспаптарын ай сайынғы көрсеткіштері негізінде жүргізілген төлеммен салыстырғанда жоғары.

3. Жылу энергиясын тұтынуды реттеу.

Тұтынушылар тұрғын үйлердегі терезелерді ашқан кезде жылудың ауаға «ұшып кетуіне» жол бермеуі керек.

Жылу энергиясын тұтынуды үнемдеу үшін ҚР ҰЭМ ТМРК тұрғын үйдің жауапты тұлғасына жылу энергиясын тұтынуды сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты және температура кестесіне сәйкес реттеуді ұсынады, атап айтқанда температура көтерілген (+) жағдайда жылу энергиясын тұтынуды азайту, ал төмендеген (-) жағдайда жылу энергиясын тұтынуды арттыруға ұсынады.

Аталған шаралар жылыту кезінде сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты тұрғын үйдің тым жылытуына жол бермеуге және жылумен жабдықтау қызметтеріне ақы төлеуге тұтынушылардың қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда баяндалғандардың барлығын ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін  монополист-субъектілерді, сондай-ақ қызмет көрсетуші ұйымдарды (ПИК, МИБ, БК және т.б.) халықпен жылу энергиясын ұтымды пайдалану, жылу үшін ақы  төлеуді есептеу бойынша белсенді диалог жүргізуге және есепке алу аспаптарының болуының ұсынылатын қызметтер құнына әсерін жүргізуге шақырамыз.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

“ЭКО ШИНА” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негіз болды. 2024 жылғы ақпанда өткен...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Оңтүстіктен – Солтүстікке. Жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы жалғасуда. Еліміздің оңтүстігінен тағы бір топ отбасы Солтүстік Қазақстан және...

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

               Қаламызда «Тоқты мен Серке» толық метражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. «Сақ» киностудиясы мен...

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

Айғақ медиа
17.07.2025
0

  Түркістан облысында «Солтүстік көш» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Биыл Шымкент, Сарыағаш және Жетісай аудандарынан 30 азамат Шығыс Қазақстан...

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

   Мәжіліс депутаты Шымкентке жасаған сапары аясында жеке қайырымдылық ұйымының жұмысымен танысты. «Өркен» сөйлеуді дамыту орталығының өкілдерімен кездесуде әлеуметтік көмек...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.