Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 17 желтоқсанда Кеңес Одағының әскерлерін Ауғанстанға енгізу туралы шешім қабылданды. 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс жалғасты.
10 жылға жуық жалғасқан соғыста Қазақстаннан 22 269 жауынгер интернационалдық міндетін атқарды. Олардың 924 сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар – ошарсыз кетті.
Біздің мекеме орналасқан Бірінші Мамыр ауылдық округінде сол жылдардағы соғысқа қатысқан жерлестеріміз баршылық. Жастардың бойында Отансүйгіштік сезімін әрі қарай нығайту мақсатында 12.02.2022 жыл арамыздағы ардагерлер М.Төлеметов және А.Турдиқулов пен кездесу ұйымдастырылып ерлікпен қаза тапқан Зағамбар елді мекенінің тумасы Н.Ю.Миралиевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырған әріптесіміз О.И.Османовқа және тәрбие саласы қызметкерлеріне мектеп ұжымы алғысын білідіреді.