Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталған өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің әскери қызмет және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі.
Құжаттың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13992065.