Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Еркін Ботақанов 1966 жылы туған. Үш жоғары әскери білімі бар. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери қолбасшылық училищесін, ҚР Қарулы күштерінің Әскери академиясын, РФ Бас штабы Академиясын әскери мамандықтар бойынша тәмамдаған.
2009 жылдың мамырында Е. Ботақановқа генерал-майор шені берілді.