• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

БЕКАРЫС ШОЙБЕКОВ — «АЛТЫН ДОМБЫРА» ИЕГЕРІ АТАНДЫ

13.12.2021
0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған «Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім!» атты «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. Екі күнге созылған жыр аламаны «Nur Otan» партиясының қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі. 

Елордадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында суырып салма ақындардың 11 жұбы екі күн бойы айтыссүйер қауымды өрелі өнері, өрнекті сөздерімен сусындатты. Олар Тәуелсiз Қазақстанның 30 жылдағы жеткен жетiстiктерiн, Елбасы саясатының арқасында берекесі артып, бірлігі жарасқан елдегі ауызбіршілік пен саяси тұрақтылықты, Тәуелсіздік жолында жан аямай күрескен тұлғалар туралы жырлады. Арасында әдемі әзіл мен жарасымды қалжың да айтылды.

Ақындардың өнеріне көрнекті өнер қайраткері, Қазақстан және КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы баға берді. Сондай-ақ, қазылар құрамында айтыс ақыны, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев және өзге де өнер, қоғам қайраткерлері болды. Аламанды  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық айтыс және жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді.

Айтыстың шырақшысы атанған Жүрсін Ерман ата-бабаларымыздан мирас болып жеткен төл өнерімізге қолдау білдіріп келе жатқан «Nur Otan» партиясына алғысын жеткізді.

«Қазақтың бекзат өнері айтысты «Nur Otan» партиясы қанатының астына алғалы 3 жылдан асты. Еркіндікті, кеңдікті, қуатты қолдауды сезініп жатырмыз. Сондықтан, осы айтысқа қолдау білдіріп отырған еліміздің бас партиясына ақындардың атынан шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді Жүрсін Ерман.

Сонымен, қазылар алқасының шешімімен мерекелік айтыста ақындардың ешқайысы да жүлдесіз қалмады. Ынталандыру сыйлығына Арғынбек Қалбаев, Төлеген Жаманов, Бауыржан Ширмедин, Нұрзат Қару, Рауан Қайдаров,  Қалижан Бірдәш ие болды. Қазылар алқасының төрағасы Асанәлі Әшімовтің ұсынысымен тағайындалған арнайы жүлде Бөкен Жігерге берілді. Үшінші орынға екі ақын лайық деп танылса, оны Рүстем Қайыртай мен Жансая Мусина еншіледі. Екінші орынға Мейірбек Сұлтанхан ие болды. Бірінші орын мен «Айтыстың ақтаңгері» төсбелгісі Еркебұлан Қайназаровқа берілді. Ал бас жүлде – ¬«Алтын домбыра» және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тағайындаған темір тұлпар жыр аламанында шашасына шаң жұқтырмаған Бекарыс Шойбековке бұйырды.

Дүбірлі доданың бас жүлдесін тапсырған «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ұлттық өнерімізді ұлықтауға атсалысып жүрген азаматтарға және жыр бәйгесінің аламанына қатысқан барша ақындарға ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

«Айтыскерлеріміз екі күн бойы өте жақсы өнер көрсетті. Қаншама тұщымды ой, қанатты сөз айтылды. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімізді жан-жақты көрсетіп, жырға қосты. Біз шын мәнінде Мәңгілік ел боламыз десек, онда айтысты қолдауымыз керек. Неге десеңіз, ол  – алдымен ана тілімізді қолдау. Содан соң, өнер жарыстырып, сөз сайыстыру болған кезде ақындардың шеберлігі шыңдалады. Қазіргідей пандемия жағдайында концерттер бұрынғыдай көп өте бермейтіндіктен, шығармашылық адамдарының табысына әсер етуде. Осының бәрін ескеріп, оның үстіне жас ұрпақ ұлттық өнерімізді ұмытпасын және ана тіліміздің абыройы асқақтасын әрі халық айтыс көріп, айызы қансын деген мақсат болды», – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, ол кіл мықтылар жиналған аламанда нағыз жүйрікті анықтау қазылар алқасына оңай болмағанын айта келе, інілік ізетпен ағасына жол берген түркістандық ақын Еркебұлан Қайназаровқа ризашылығын білдірді.

«Соңғы жылдары Елбасының тапсырмасы бойынша Түркістан шын мәнінде Түркі әлемінің рухани орталығы ретінде дамып келе жатқанын білесіздер. Қаншама құрылыс жүргізілген киелі шаһар бүгінде қайта түлеп жатыр. Осы жолы «Алтын домбыраның» иесі – Бекарыс Шойбеков. Енді «Алтын домбыра» да Түркістанға кетеді. Түркістан жұртын құттықтаймыз! Бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгілік болсын!», – деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде, бас жүлдені қанжығасына байлаған Бекарыс Шойбеков лебізін өлеңмен жеткізді:

Атыңнан айналайын Алты Алашым

Саған келіп, кеңіді-ау арқа-басым.

Азаттық алған күні басталған той,

Қазақ аман болғанда тарқамасын!

Біз енді Түркістанға бет аламыз,

Бұйырса бірер күнде жете алармыз.

Ол біздің төрт қақпалы қаламыз ғой,

Танытпай оны қалай жата аламыз?!

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.