16 желтоқсан — ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында «Тассай» индустриалдық аймағындағы фармацевтика саласындағы «Green Cross Eco» ЖШС «Медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі» кәсіпорыны іске қосылды.
Жобаның құны 500 млн теңгені құрап, онда жаңадан 50 жұмыс орны құрылды. Жобаның жылдық қуаттылығы иммуноферментті анализдің 500 мың жинағын және 70 млн инсулинді ине шығаруға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, аталмыш медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші зауыт Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын.