Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ШЕТЕЛДЕ ЕЛІМІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР МӘДЕНИ ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ
    Бас ақпарат

    ШЕТЕЛДЕ ЕЛІМІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР МӘДЕНИ ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.12.2021771 Views

    Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ҚР-дың шет елдердегі бірқатар елшіліктері билік өкілдерінің, дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар басшыларының, сондай-ақ сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен түрлі мәдени іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасында өткен конференция шеңберінде еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы «Kazakhstan at 30: The Awakening Great Steppe» («Қазақстанның 30 жылдығы: жаңғырған Ұлы Дала») атты жаңа кітап таныстырылды.

    Кітапта экономикалық даму, инвестициялық ахуалды жақсарту, саяси реформалар, білім беру жүйесін трансформациялау, халықаралық аренадағы жетістіктер, мәдени мұраны, туризмді дамыту және т.б. мәселелерді қоса алғанда соңғы үш онжылдықта елдің түрлі салаларында қол жеткізген ілгерілеушіліктеріне шолу жасалады. Он бес эсседен тұратын жинақ түрінде дайындалған кітаптың авторлары – беделді британиялық, халықаралық және қазақстандық сарапшылар.

    «Kazakhstan at 30: The Awakening Great Steppe» кітабының электронды нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

    Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі Түркия Мәдениет министрлігі Президенттік симфониялық оркестрінің концерт залында Еуразиялық симфониялық оркестрдің концертін ұйымдастырды.

    Симфониялық оркестр әртістері, әлемге әйгілі скрипкашы Айман Мұсаходжаева, опера әншісі Талғат Мұсабаев және талантты композитор Рахат-би Әбдісағын дирижер Айдар Торыбаевтың жетекшілігімен отандық және әлемдік музыка классикасын орындады.

    Бразилияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың португал тіліндегі «Қазақстан жолы» кітабының тұсаукесері өтті.

    Бразилиялық сарапшылар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына үлкен қызығушылық танытып, елдің барлық жетістіктері Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған реформалар саясатындағы сабақтастықты оң бағалады.

    Қазақстанның Аммандағы елшілігі Иордания Ұлттық кітапханасымен бірлесіп фотокөрме ұйымдастырды.

    Тақырыптық экспозицияда қонақтарды тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерімен, мәдениетімен, табиғатымен, көрікті жерлерімен, сондай-ақ халықаралық аренадағы негізгі жетістіктерімен таныстыратын фотожұмыстар ұсынылған.

    Дөңгелек үстел аясында БАӘ-нің Emirates Post өкілі С.Альмидфа еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Біріккен Араб Әмірліктері Федерациясының 50 жылдығына орай шығарылған арнайы пошта маркаларын ұсынды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.