Елордалық көрнекті орндарының бірі Бәйтерек қызғылт сары түспен жанды. Бұл әрекетімен Нұр-Сұлтан «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» жаһандық науқанға қосылды. #ORANGETHEWORLD — бұл науқанның ресми ұраны және хэштегі. Дәстүр бойынша, 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында әлемнің көптеген көрнекті жерлерінде қызғылт сары жарық қосылады.
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық науқаны Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күні, яғни 25 қарашада басталып, 10 желтоқсан Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай аяқталады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жаһандық Коалицияға қосылды. Бұл туралы мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 шілдедегі «Теңдік ұрпағы» форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Бүгін «БҰҰ-әйелдер» Қазақстандағы дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшыларының гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға шақыратын бейне үндеуін іске қосты. Сонымен қатар, Қазақстанда қызмет ететін миссия мен ұйымдардың 35 басшылары осы мәселе бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды.