Шымкенттік каратэші София Берульцева әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімідігінің баспасөз қызметі хабарлады. 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен ол Франция, Украина, Түркия, Финляндия елінің спортшыларын жеңіп, жартылай финалға шыққан. Жартылай финалда испаниялық Мария Гарсияға ұпай санымен есе жіберді. Ал қола жүлдеге таласта сербиялық қарсыласынан басым түсті.
2021 жыл Софья Берульцева үшін табысты аяқталып отыр. Ол Токио олимпиадасында да ел қоржынына қола жүлдені салған еді.
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратэден әлем чемпионаты аяқталды. Әйелдер мен ерлер арасында каратэ WKF түрінен әлемдік сайысқа 105 ел қатысты.