«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде ұйымдастырылған дәстүрлі «Жомарт жүрек — 2021» сыйлығының жеңімпаздары анықталды.
Онлайн дауыс беру арқылы анықталған үздіктер қатарында Шымкенттен,
«Туған өлке» номинациясына Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі,
«Строй сервис-7» ЖШС-нің бас директоры Әшірбаев Байкен Әшірбайұлы ие болды.