Бүгін Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтың өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына Хасанов Бахытбек Сембекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан басшысы Уласбек Сәдібекұлы жаңа орынбасарын аудан активіне өзі таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Өз сөзінде аудан басшысы Хасанов Сембекұлын мемлекеттік қызметтегі тәжірибесін ескере келе, жаңа қызметте де ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуы жолында нәтижелі еңбек ететініне сенім артты.
Бахытбек Сембекұлы 1971жылдың 5 наурызында Шымкент қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді заңгер, инженер-механик мамандығын алған.
1989 жылы әскери борышын өтеген, подполковник шенді Хасанов Бахытбек еңбек жолын менеджер болып 1994 жылы Шымкент қаласындағы «Томирис» жауапкершілік шектеулі серіктестікте бастаған.
Бұдан кейін Шымкент қаласындағы Әл Фараби аудандық ішкі істер бақармасының инспекторы
қызметін атқарды.
Бахытбек Сембекұлы 1996-2014 жылдар аралығында ОҚО бойынша Қаржы полициясында түрлі лауазымдарды атқара жүріп, қаржылық, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашу барысында мол тәжірибе жинақтады.
Сондай-ақ, 2014-2020 жылдар аралығында Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу қызметі департаментінде жұмыс атқарған.
2020 жылдың мамырнан 2021 жылдың мамырына дейін Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі, 2021 жылдың мамырынан бастап Сайрам ауданы әкімі аппаратының әкімшілік бөлімшесінің басшысы қызметін абыроймен атқарып, бүгінгі таңда Сайрам ауданы әкімінің орынбасары қызметіне кірісті.