• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Сәуір 10, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

1 ҚАРАШАДА МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

27.10.2021
0

Биыл 1 қарашада магистратураға түсу үшін екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдау басталады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желілердегі парақшаларында магистратура мен докторантураға түсу бойынша қабылданған шешім туралы хабарлаған болатын. Енді оқуға қабылдау жылына екі рет өткізіледі. Байқауға жазда грантқа түсе алмаған үміткерлер де, бұрын кешенді тестілеуден өтпегендер де қатыса алады.

«Мұндай маңызды шешімдерді қабылдау кезінде министрлік студенттердің мүдделерін әрқашан бірінші орынға қояды. Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік грантқа үміткерлер жылына екі рет, дәстүрлі түрде – жазда және қосымша қыста тестілеуден өте алатынын хабарлаған болатын. Енді талапкерлер 1 қарашадан бастап магистратураға түсу үшін екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге құжаттарын тапсыра алады. Тестілеуді сәтті тапсырған жағдайда үміткерлер жаз айында оқуға қабылдау қорытындысы бойынша бөлінген гранттарды ұтып ала алады», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Ендігі кезекте емтиханға тіркелу, мамандықтар бөлінісінде гранттардың саны туралы айтып өтсек.

Екінші кешенді тестілеуге қатысу үшін тіркелу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz (http://app.testcenter.kz/) сайтында өтеді. Құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 1-15 қараша аралығында жүргізіледі. Кешенді тестілеу 2021 жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін өтеді.

Магистратураға грантқа үміткерлер дәстүрлі түрде шет тілі, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша және оқуға дайындығын анықтау бойынша тест тапсырады. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар адамдар автоматты түрде шет тілі бойынша тестілеуден босатылады. Тест нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Нәтижелерімен келіспеген жағдайда қатысушылар емтихан аяқталған соң 30 минуттан кейін онлайн-апелляцияға өтініш бере алады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, бейінді магистратураға түсу үшін 50 балды құрайтынын атап өткен жөн.

Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар 2021 жылғы 25 желтоқсанға дейін қабылданады. Магистратураға қабылдау 2021 жылғы 26 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді.

Магистратураға түсушілер барлығы 3 мыңнан астам мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Мамандықтар бөлінісінде ең көп грант «Химия» (172 грант), «Ветеринария» (169), «Механика және металл өңдеу» (156), «Металлургиялық инженерия» (137), «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын мен конструкцияларын өндіру» (132 грант), «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» (130) және басқа мамандықтар бойынша бөлінді.

https://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=4573

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.