ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Досхан Жолжақсыновты «Отан» орденімен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды.
» Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов «Отан» орденімен наградталсын» делінген Жарлық мәтінінде.
Айта кетейік, бүгін белгілі актердің туған күні. Меретой иесі 70 жасқа толып отыр.