• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

EXPO-2020 Dubai КӨРМЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ПАВИЛЬОНЫ РЕСМИ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

04.10.2021
0

2021 жылғы 1 қазанда Дубай қаласында EXPO-2020 дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонының ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі Мадияр Меңілбеков, Халықаралық көрмелер бюросының президенті Джай-Чул Чой, көрмеге қатысушы елдердің бас комиссарлары мен EXPO-2020 көрмесін ұйымдастыру комитетінің басшылығы қатысты.
Ресми делегация үшін Қазақстанның өткені, бүгіні мен болашағына саяхат жасаудан тұратын, сондай-ақ EXPO-2020 көрмесінің «Ақыл-ойды біріктіре отырып, болашақты құру» тақырыбын ашатын павильон бойынша тур өткізілді. Делегация өкілдері павильонның контенттік құрылымынан үлкен әсер алды, атап айтқанда, қонақтарды Пре-Шоу, Ұлы дала шоуы және Мейн Шоу аймақтары таң қалдырды.
Дубай билеушісі, Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі және вице-президенті Мұхаммед ибн Рашид Әл-Мактум және Дубайдың мұрагер ханзадасы Хамдан ибн Мұхаммед Әл Мактум EXPO-2020 бас директоры Рим әл-Хашимимен бірге алғашқылардың бірі болып Қазақстан павильонын аралады. Делегация бар болғаны 4-ақ павильонға кірді, олардың ішінде БАӘ, АҚШ және ҚХР павильондары бар.
Павильонның ашылу салтанаты аясында келушілер Қазақстаннан әкелінген бауырсақ пен алмадан дәм татты. Қазақстанның Ұлттық павильоны көрме ашылған күні ең көп келушілер келген павильондардың бірі болғанын да айта кету керек. Павильон алдында Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен, туристік және инвестициялық әлеуетімен танысқысы келетін көптеген адамдар кезекте тұрды. Павильонның алғашқы келушілері Дубайдан келген жас жұп Киара Хилдэбранд пен Сами Саех болды. Олардың айтуынша, павильонның атмосферасы алғашқы минуттан бастап таң қалдырады және Қазақстанға келіп, оның сұлулығын өз көзімен көруге деген ынтасын оятады.

EXPO-2020 Dubai көрмесіндегі Қазақстанның Ұлттық павильоны туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны «Мүмкіндіктер» деп аталатын тақырыптық кластерде, БАӘ, АҚШ, Швейцария, Австрия, Сауд Арабиясы корольдігі, ҚХР, Жапония, Үндістан және Беларусь Республикасының павильондарына жақын жерде орналасқан.
Қазақстан павильонының бейнесі дәстүрлі шығыс сәулетінде безендірілген заманауи цифрлық шешімдер мен дәстүрлердің синтезі болып табылады, сондай-ақ Қазақстанның ашықтығын бейнелейді. Павильонның экспозициялық контенті елдің қарқынды дамуын, мәдени сан алуандығын, адами және табиғи ресурстарын, сондай-ақ оның туристік, технологиялық және инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетеді.
Мейрамхана аумағында Qazaq Gourmet ұлттық тағамдар мейрамханасы және кәдесый дүкені бар, мұнда келушілер қазақтың бірегей тағамдарынан дәм татып, естелік үшін ерекше кәдесыйлар сатып ала алады.

Қазақстанның EXPO көрмелеріне қатысу тарихы туралы
Қазақстан 1997 жылдан бері Халықаралық көрмелер бюросының мүшесі болып табылады және дәстүрлі түрде 1998 жылдан бастап EXPO көрмелеріне қатысып келеді EXPO Лиссабон 1998). Қазақстанның Халықаралық және Дүниежүзілік EXPO-ға қатысуы көрме тақырыптарын терең аша білуімен және елдің бай мәдениеті жайлы баяндайтын қызықты экспозициялық контентпен ерекшеленеді. Қазақстанның павильондары EXPO 2008 және EXPI 2015 көрмелерінде марапаттарға ие болды, ал 2017 жылы Қазақстан «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша EXPO-2017 Astana халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізді.
Дүниежүзілік әмбебап көрмелер 1851 жылдан бері өткізіліп келеді және ең жаңа жетістіктер мен технологияларды көрсететін ең үлкен әлемдік алаң болып табылады. COVID-19 пандемиясының салдарынан көрменің мерзімі 1 жылға кейінге шегеріліп, 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 наурызы аралығында өткізілетін болды. Бұл Таяу Шығыста өтіп жатқан алғашқы дүниежүзілік көрме. Келесі EXPO2025 дүниежүзілік көрмесін Жапонияның Осака қаласы қабылдайды.
Д
EXPO-2020 Dubai дүниежүзілік көрмесі туралы EXPO-2020 Дүниежүзілік көрмесі Дубай қаласында (БАӘ) 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 31 наурызға дейін өтеді және COVID-19 пандемиясы басталғаннан бергі алғашқы жаһандық мега оқиғалардың бірі болады.
EXPO-2020 Dubai дүниежүзілік көрмесі – бұл үкіметтер, компаниялар, халықаралық ұйымдар мен азаматтар арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқаратын, адамзат прогресін көрсетуге арналған ең ірі алаң. Көрме тақырыбы үш тақырыпшадан тұрады: «Мүмкіндіктер», «Мобильділік» және «Тұрақты даму».
Қосымша ақпарат алу үшін kazpavilion.expo@gmail.com электрондық поштасына хабарласыңыз.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.