• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 4, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

«ЖЕТІКӨЛДЕ» БАЛЫҚ АУЛАУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

02.10.2021
0
ҚР «Спорттық балық аулау» Федерациясы мен Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен қайықтардан спиннинге балық аулау бойынша «Turan fest» халықаралық турнир басталды. Отырар ауданы «Жетікөл» балық аулау аймағында ұйымдастырылған халықараралық жарысқа 12 елден, атап айтқанда, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан елдерінен келген спортшылар бақ сынайды.
Жарыс өтіп жатқан Жетікөлде «Көлдер жүйесін жаңғырту» жобасы аяқталған соң, Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсартып, шағын-орта бизнесті және туризмді дамытуға жол ашылады, қосымша 300 млн.куб метр су жиналады. Бұл жер ерекше қорғауға алынып, рекреациялық аймақ атанады. Ағаштар егіліп, орман алқаптары көбейеді. Микроклиматы жақсарып, халық демалатын орын болады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Салтанатты ашылу іс-шараны ашып берген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов балық аулау туризмінің ұлттар мен мемлекеттердің бір-біріне деген достық қарым-қатынасының нығаюын, кәсіп көзі мен мәдени байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Шежіре мен аңызға толы, табиғаты бай Түркістан облысына қош келдіңіздер! Халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отырған шара туризмнің кең қанат жайып, спорт саласына соны серпін беретін ауқымды жоба болмақ. Біз өз тарапымыздан туризм мен спортты ұштастыра отырып, өңірдегі су туризмін дамытуды қолға алдық. Түркістанға зиярат етіп келетін туристер енді балық аулап, табиғат аясында да демалуға мүмкіндікке ие болады. Климаты ыстық Түркістанға су каналдарын кіргізу республика бойынша су спортынан бірінші орында келе жатқан облыстың спорт саласына үлкен серпін береді. Бүгінгі «Жетікөл» балық аулау аймағында өтіп жатқан жарыс Түркістан облысында туризмді дамытудың тағы бір бағыты болады деп сенемін. «Спорт — бейбітшілік елшісі» деген сөз бар. Халықаралық жарыс мемлекетаралық достыққа, спортшылар арасындағы жолдастыққа ұлассын. Бәріңізге сәттілік!», – деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.
Облыс әкімінің орынбасары кәсіби аңшылық пен балық аулау турларын ұйымдастырушылардың, яғни аутфитерлердің осындай жарысты маусым сайын ұйымдастыра отырып, туризм саласына ондаған миллиард доллар пайда түсіретінін тілге тиек етті. Сәкен Амангелдіұлы Түркістан облысында туризм мен спортты ұштастыра отырып, өңірдегі су туризмін дамытудың қолға алынғанын айтып, осы бағыттағы жүйелі жоспарлармен бөлісті.
Ол үшін ең бірінші «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылғы дейінгі кешенді жоспары» аясында ірі су нысандары салынуда. Метеорологтардың мәлімдеуінше, кешенді шаралар нәтижесінде өңірде ауа ылғалдылығы артып, ауаның температурасы — 1,5 градусқа дейін төмендеген.
«Түркістан магистралды каналы» күрделі жөндеуден өткізу арқылы 60 млн. куб метр су үнемделеді. Түркістан аумағында 8 шақырым каналдың ұзындығы абаттандырылып, демалыс аймағы, веложолдар салынып жатыр. «Кеңсай — Қосқорған — 2» су қоймасы жобасы жүзеге асса 34 млн. куб метр ағын су жеткізіледі. Қазір үлкен дамбының биіктігі 27 метрге дейін көтеріліп, кіші дамбы толықтай тұрғызылды. Бұл канал биылдың өзінде көктемгі тасқын сулар ысырабына жол бермей 5 млн.куб метр су жинауға мүмкіндік берді.
Бұдан бөлек, «Сырдария өзенінен машиналық арна салу» және «Сарқырама» су қоймасын салу жобалары әзірленуде. Бұл жобалар — Түркістан өңірін ағын сумен қамтамасыз ететін өте маңызды жұмыстар. Сонымен бірге, Түркістан облысында академиялық есу, байдарка және каноэда есу, желкен спорты, жүзу және триатлон спорт түрлерін қарқынды дамыту үшін былтыр ескек есу канал салынуда. Бұл кешеннің жалпы алаңы 100 гектарды құрайды. Халықаралық дәрежедегі ескек есу және байдарка спорты бойынша олимпиадалық стандартқа сай орталықта қонақ үйлер, көрермендерге арналған жай, көпірлер салынады. Спорт кешенінде су шанғысы, жағажай ойындар футболы, волейбол, гандбол, регби секілді су және жағажай спортының танымал түрінен сайыстар өтеді. Бұл атқарылған жұмыстардың барлығы түркістандық жас спортшылардың болашағы үшін жасалуда.
ҚР «Спорттық балық аулау» Федерациясы мен Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен қайықтардан спиннинге балық аулау бойынша «Turan fest» халықаралық турнирі 1-3 қазан аралығында өтеді. Сайысты жыл сайын, дәстүрлі түрде өткізу жоспарланған.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.