Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН: КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖАҢА ЖҮЙЕГЕ ЕНГІЗІЛЕДІ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН: КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖАҢА ЖҮЙЕГЕ ЕНГІЗІЛЕДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.09.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

     Түркістан облысында агроөнеркәсіп саласына 30 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылған. Бұл бағытта Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш және Бәйдібек аудандары көш бастап тұр. Инвестицияның басым бөлігі тамақ өндірісіне бағытталған. Облыстағы күзгі егін жинау жұмыстары мен агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласында атқарылған жұмыстарының орындалуы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткізілетін лездемелік мәжілістің күн тәртібінде қаралды.

    Күзгі егін жинау науқаны табысты. Бүгінге дейін 3 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналды. Жыл соңына дейін күзгі өнімнің жалпы көлемі 3,5 млн. тоннаға жеткізіледі. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 842,4 мың гектарға егілді.

    Өңірдегі 18 мақта өңдеу зауытының 206 мақта қабылдау бекеті шитті мақтаның 1 келісін 250 теңгеден қабылдауда. Шаруалар әр гектардан орта есеппен 30-35 центнерден өніп алып, 500 мың теңгеге дейін пайда таппақ. Жоспар бойынша 250 мың тонна шитті мақта жинау жоспарланып отыр. Биылғы қуаңшылыққа қарамастан, Өзбекстан елімен екіжақты ынтымақтастық туралы келісімнің егістік алқаптар трансшекаралық Достық каналынан келетін ағын сумен тиісті деңгейде қамтамасыз етілді. Тыңайтқыш пен тұқымдық шиттен таршылық көрмей, жеңілдетілген бағадағы жанар-жағармай да жеткілікті болды, дейді.

    «Биыл мақтаның өнімі жақсы, бағасы да жақсы. Шаруаларымыздың табысының артатыны қуантады. Оның үстіне биыл егістік алқаптарымыз да бұрын болмаған ағын сумен қамтамасыз етілді»,-деді облыс әкімі.

    Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасымен ағын суды арттыру мақсатында су арналарын механикалық тазалаудан өтуде. Бұл өз кезегінде суармалы жерлердің ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсартып, жер асты суын төмендетіп, егістіктің тұздануының алдын алып, мақта дақылының өнімділігін арттырады.

    Сонымен бірге, отырыста облыстағы мүлік иелері бірлестігі бойынша соңғы мәліметтер баяндалды. Түркістан облысында 1482 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, басқару органдарын құруды қажет ететіні 1348, қалған 127 КПТҮ коммуналдық меншігінде. Республикалық деңгейде жүйелі жұмысты ұйымдастыру үшін «Easy project» ақпараттық жүйесі құрылды, оған көппәтерлі тұрғын үйлер туралы барлық ақпарат жүктелуі тиіс. Облыстың барлық көппәтерлі үйлері осы жүйеге енгізіледі. Кондоминиум нысандарын басқарудың жаңа бағытына көшу жөніндегі жұмыстар қазан айының соңына дейін аяқтау көзделген.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.