• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Сәуір 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қазақстанда халықты COVID-19 қарсы вакцинамен қамту 64%-ды құрады — А. Цой

24.08.2021
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында COVID-19 вирусына қатысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирус инфекциясымен күрес бойынша қазіргі жағдай және қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.

Министрдің айтуынша, әлемде тәулігіне 480 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 4,4 млн-нан астам адам қайтыс болды. Жағдай әлі де күрделі. ДДСҰ-ның алты аймағының төртеуінде шілде айының екінші онкүндігінен бастап сырқаттанушылықтың өсу үрдісі байқалады. «Соңғы аптада аурудың ең көп өсуі Әзербайжанда байқалды, онда бір апта ішінде ауру 63%-ға, Жапонияда 34%-ға және Израильде 33%-ға өсті», — деді А. Цой. Оның айтуынша, Қазақстанда өсім бір апта ішінде 7%-ға төмендеді. Қазақстан 1 млн тұрғынға шаққандағы әлемдік рейтингте сырқаттанушылық пен өлім-жітім саны бойынша 222 елдің ішінде 101-орында тұр. 24 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19 оң нәтижесімен 748 851 науқас және КВИ теріс нәтижесімен 67 870 жағдай тіркелген. Өткен аптадағыдай, Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңірлер қызыл аймақта орналасқан. «Соңғы екі апта ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясы жағдайларының саны біртіндеп төмендегені байқалады. Соңғы 2 аптада сырқаттанушылық деңгейі 10%-ға төмендеді», — деп атап өтті А. Цой. 1 тамыздан бастап ҚР-да коронавирус инфекциясының таралу индексі 1,11-ден 0,93-ке дейін 1,2 есеге төмендеді. Емдеу мекемелерінде инфекциялық төсек-орындар бүгінгі күні 49%, реанимациялық төсектер 46% толы. Соңғы екі аптада инфекциялық төсектердің жүктемесі 12%-ға төмендеді. Инфекциялық төсек-орындар көбіне Ақтөбе облысында – 68%, Алматы қаласында – 61% және Алматы облысында – 59% қолданылуда. Халықты вакциналау жұмысы жалғасуда. Бүгінгі таңда министрдің айтуынша, вакцинаның 1-компонентін 6,5 млн жуық адам алды — тиісті халықты қамту 64%-ды құрады, 2-компонентін вакцина алуға тиісті халықтың 50%-ын қамти отырып, 5 млн-нан астам адам алды. Ең көп қамту 9 өңірде тіркелген: Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Атырау облыстары. Өткен аптадағыдай, вакцинаның бірінші дозасымен қамтудың ең аз пайызы Маңғыстау облысында байқалады – 38%. Егу пункттерінде барлығы вакцинаның 1 млн 400 мың бірінші компоненті және 940 мың екінші компоненті бар. Оны жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. «Ауру-сырқауға жүргізілген талдау КВИ ауыр өтіп жатқан науқастардың негізгі үлесі вакцина алмағандар екенін көрсетті», — деді А. Цой. Мәселен, 1 ақпаннан бастап тіркелген КВИ-мен ауырған, вакцина алмаған науқастардың салыстырмалы салмағы 97,5%-ды құрайды, ал вакцина алған азаматтардың тек 2,5%-ы ауырған. Министрдің айтуынша, реанимация мен өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастардың 95%-ы да вакцина алмаған азаматтар. Ұсынылған мәліметтер вакцинаның тиімділігін тағы дәлелдеп отыр. «Осыған байланысты айтарым, осы уақытқа дейін вакцина алмаған азаматтарды дұрыс шешім қабылдап, екпе алуға шақырамын. Бұл бәрімізге өз денсаулығымызды ғана емес, жақындарымыз бен әріптестеріміздің де денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді», — деді А. Цой. Алдағы айлардағы эпидемиологиялық жағдайдың болжамдарына келер болсақ, министрдің айтуынша, пессимистік сценарий бойынша қыркүйек айында тіркелетін жағдайлардың орташа тәуліктік саны 6 300-ге дейін, қазан айында 2 400-ге дейін жетеді. Реалистік сценарий бойынша қыркүйек айында 5 300-ге дейін, қазан айында 1 800-ге дейін вирусты жұқтыру жағдайы тіркеледі. «Оптимистік сценарий орындалса, қыркүйекте тәулігіне 4 200 жағдайға дейін, қазанда 1 300 жағдайға дейін тіркеледі», — деп түйіндеді А. Цой.

Дереккөз: primeminister.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.