• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 24, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Паралимпиада: Суда жүзудің ерекшеліктері мен құрамадағы жеті спортшы туралы не білеміз?

23.08.2021
0

Токио-2020 Паралимпиадасында суда жүзу жарыстары фристайл, шалқалай жүзу, баттерфляй, брасс және аралас (суда жүзудің төрт түрі бар) бағдарламада өтеді. Жалпы суда жүзуден Паралимпиадада жеңіл атлетикадан кейін ең көп жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Жеңіл атлетика – 168, суда жүзуде – 146 жүлде жиынтығы. Сосын велоспорт (51) пен үстел теннисі (31) тұр.

Десе де, алдыңғы Риодағы Паралимпиадамен салыстырғанда биыл 6 бағдарламаға азайған. Токио су спорты түрлері орталығында ерлер – 76, әйелдер – 67 бағдарламада сынға түседі. Сонымен қатар, аралас эстафетада 3 алтын өз иегерін табады.

Спорт түрінің ерекшеліктері:

Өзге пара спорт түрлері секілді суда жүзудің де өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жарыс әр түрлі жағдайда басталады. Фристайл, баттерфляй, брасс жарысында егер спортшыға тұғырдан секіру қиын болса, жарысты тікелей суда бастауына болады.

Ал, барлығы суда бастайтын шалқалай жүзуде спортшы арнайы белдік я болмаса жіп сынды қосымша затты ұстап тұруына болады. Сонымен қоса, физикалық ауытқу салдарынан қолымен арнайы заттарды ұстай алмаса, аузымен сүлгіні тістеп тұруына рұқсат берілген.

Брасс пен баттерфляй әдісімен жүзуде бұрылу мен мәреге қатысты ерекшелік бар. Бұл бағдарлама кезінде жүзгіштер айналым мен мәрені есепке алғанда бассейннің шетіне денесінің жоғарғы жағын (қолын) тигізуіне болады.

Бұдан бөлек, атлеттер дене мүшесінің кемшілігіне қарай жүзу техникасын бейімдей алады. Мәселен, аяғының төменгі бөлігі сал болып қалған спортшылар бассейннің шетінен қолы арқылы серпіліп жатады. Көру қабілеті нашар кей спортшылар тура жүзу үшін жеке әдістерін пайдалана алады. Тағы бұл санатқа кіретін жүзгіштердің «таппер» атымен танылған көмекшісі болады.

Бұл спорт түріндегі үздіктер кім?

Бұл спорт түрінде Паралимпиадаларда атой салып жүрген мықтылар жетерлік. Мысалы, бразилиялық Даниэль Диас осыдан 5 жыл бұрын өз елінде өткен бәсекелерде отандастарының қызу қолдауының арқасында 9 жүлдеге ие болды. Оның төртеуі алтын. Жалпы бұл спортшы үш Паралимпиадаға қатысып, 24 медаль жеңіп алған. Даниэль – паражүзгіштер арасында ең көп жүлде алған адам.

Ал, әйелдер арасында америкалық Джессика Лонгтың есімі аңызға айналып үлгерді. Оның Афинадан бастап, төрт Паралимпиада ойындарында мойнына таққан 23 жүлдесінің 13-і алтын.

Бұл спорт түрінде Паралимпиадада Қазақстан үшін алғашқы алтынды жеңіп алған Зулфия Габидуллинаны ерекше атап өткіміз келеді. Риода топ жарған отандасымыз үшінші Паралимпиадасында сәтті өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

Суда жүзуден Қазақстан құрамасы:

Зүлфия Габидуллина 1965 жылы 22 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Токиода 50 метрге еркін және шалқалай жүзу, 150 метрге кешенді жүзуде бақ сынайды. Отандасымыз бірнеше халықаралық рейтинг бойынша әлемнің ең мықты сегіз жүзгішінің қатарына енген.

Жетістіктері: Азия пара ойындарының қола жүлдегері (Инчхон, 2014 ж.), Әлем чемпионатының жүлдегері және жеңімпазы (Глазго, 2015 ж., Мексика, 2017 ж.), Рио Паралимпиадасының чемпионы (2016 ж.)

Нұрдәулет Жұмағали 1999 жылы 28 қаңтарда Тараз қаласында туған. Қазақстан Республикасының спорт шебері. Жас спортшы 50 метрге еркін жүзу, 200 метрге кешенді жүзу және 100 метрге брасс әдісімен жүзу бағдарламасында сынға түседі.

Жетістіктері: Әлем Кубогы сериясында екі рет күміс жүлде алған (АҚШ, Германия, 2021 ж.). Нұрдәулет Жұмағали үшін бұл алғашқы Паралимпиада.

Нұрәли Советқанов 2003 жылы 5 маусымда Шығыс Қазақстан облысында туған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 100 метрге брасс әдісімен жүзуден жарыс жолына щығады.

Жетістіктері: Әлем чемпионатының жүлдегері (Гуанчжоу, 2018 ж.), Әлем Кубогы сериясының жеңімпазы (2021 ж.). Нұрәли Советқанов үшін бұл алғашқы Паралимпиада.

Сиязбек Далиев 1990 жылы 7 қазанда дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 50 метрге еркін және шалқалай жүзу, 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу бағдарламасында сынға түседі.

Жетістіктері: Азия пара ойындарының жеңімпазы (Джакарта, 2018 ж.), Әлем Кубогы сериясының күміс жүлдегері (2021 ж.), Еуропа чемпионатының жеңімпазы (Португалия, 2021 ж.). Бұл Сиязбек Далиевтің алғашқы Паралимпиадасы.

Роман Агалаков 1995 жылы 9 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 50 метрге еркін жүзу және 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде өнер көрсетеді.

Жетістіктері: Әлем чемпионатының күміс жүлдегері ( Мексика, 2017 ж.), Әлем чемпионатының жеңімпазы (Лондон, 2019 ж.), бірнеше рет Әлем Кубогында жүлде алған.

Әлия Рахымбекова 1999 жылы 21 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 100 метрге брасс әдісімен, шалқалай және еркін жүзуде өнер көрсетеді.

Жетістіктері: Қазақстан чемпионы, Әлем Кубогы сериясының жеңімпазы (Италия, 2021 ж.), 50 метрге шалқалай жүзуден Азия рекордының иесі. Бұл Әлия Рахымбекова үшін бірінші Паралимпиада.

Ержан Сәлімгереев 1989 жылы 8 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ержан 100 метрге еркін жүзу және 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарыстарында жүлдеге таласады.

Жетістіктері: Азия пара ойындарының жеңімпазы (Джакарта, 2018 ж.), Әлем Кубогы сериясының жеңімпазы (АҚШ, 2021 ж.).

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіның баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

САРБАЗ – ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Шымкент қаласының Жастар сарайында гарнизонның үздік сарбаздарын ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері...

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Интернеттегі есірткі жарнамасына тосқауыл: Шымкентте 1 200-ден астам ресурс бұғатталды Есірткі қылмысының тамыр жаюына тек оны тікелей сататындар ғана емес,...

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Жаз – демалыс пен серуеннің ғана емес, су айдындарындағы қауіптің де белең алатын уақыты. Әсіресе балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалар...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

ҚАУІПСІЗДІК – ЗАҢДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Өрт қауіпсіздігінің сақшысы – Сүйінбай Баратов республикалық байқауда үздік үштіктен көрінді Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек қызмет емес, бұл...

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІКТЕРІН ЗАҢСЫЗ БЕРГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ СХЕМА ӘШКЕРЕЛЕНДІ

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІКТЕРІН ЗАҢСЫЗ БЕРГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ СХЕМА ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Шымкент қаласында жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Бұл қылмыстың жолын кесуге Шымкент қаласының прокуратурасы үйлестіруші...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

  Суреттің мақалаға қатысы жоқ. Шымкент қаласында прокуратура бастамасымен жүзеге асып жатқан «Құқықтық тәртіп және тазалық» жобасы нақты нәтижелерін көрсетуде....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.