«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы Отырар ауданын ағын сумен қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласында орналасқан «Бадам» су қоймасынан 30 млн.м3 лимит бекітіліп, суару науқаны басталғалы толық берілді. Су тапшылығын болдырмас үшін қосымша лимиттен тыс 6 млн.м3 ағын су берілді. Бүгінгі күні «Бадам» су қоймасынан су беру жұмыстары тоқтатылды.

Қазіргі таңда «Қараспан» су торабынан 5,0м3/сек ағын су беріліп жатқанымен қосымша 2,0 м3/сек ағын су беру үшін Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасымен келіссөздер жүргізіліп, жалпы 7,0 м3/сек ағын су берілуде.
Сонымен қатар, Отырар ауданына қарасты Қоғам, Қарғалы ауылдық округтерінде Сырдария өзенінің кері тепкісінен «Д.Алтынбеков» каналына қосымша су беретін «Қызыл – Ту» насос станциясындағы СНП – 500 электрлі насостары іске қосылған. Осылайша, соңғы кездері орын алған ағын су тапшылығы шешілді. Аталмыш су жүйесінің бойында орналасқан бірнеше шаруа қожалық ағын сумен қамтылды. Бұл елді мекендерде ағын су мәселесі көтеріліп, диқаншылық және мал асыраумен айналысып отырған тұрғындарға су тапшылығын сезінгені белгілі. «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы арнайы техникаларын жеткізіп, каналдардың ұйық — шөгінді басқан бөліктері механикалық тазалаудан өткізілуде.
«Қазсушар» РМК Түркістан филиалының баспасөз қызметі