ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА
Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...
Арыс қаласында БАҚ қызметкерлері күніне орай арнайы пресс тур ұйымдастырылды. Сапар аясында журналистер жуырда ғана ашылған «Тең қоғам» орталығына барды, деп хабарлайды Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Ғимарат мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бір сәт көңіл сергітіп, демалуына арналған. Онда келгендерге ақысыз жаттығып, ойын ойнап, кітап оқуға барлық жағдай жасалған. Оңаша отырып, ой алмасатын демалыс бұрыштары да қарастырылған.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдері Арыс қаласындағы ардагерлерге арналған «Белсенді өмір сүру» орталығына да аялдап, жұмысымен танысты. Онда ардагерлер кеңесі мен спортпен шұғылдану аймағы орналасқан. Сонымен бірге, қажетті жиһаздармен жабдықталған тұз шахтасы, сенсорлық бөлме, интернет-кафе, йога, үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы ойындары мен кітапхана қызметі бар. Заманауи үлгіде жабдықталған ардагерлер үйі арыстық қариялардың оңтайлы демалыс орнына айналары хақ. Пресс тур аясында қала әкімі Гүлжан Мамытқызы журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, сый-сыяпат жасады.

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...
Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...
Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....
Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...
Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...
Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.