• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Желтоқсан 27, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Президент кадр резервіне енген жастар қандай лауазымдарға тағайындалған?

23.06.2021
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында Президенттік жастар кадр резервін құру қажеттігін атап өткен болатын. Президент бұл резервтің жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналуы тиіс екенін айтты. Содан бері осы бағытта біршама жұмыс атқарылды, Президент жастар кадр резерві шын мәнінде мемлекеттік қызмет жүйесінің маңызды реформаларының біріне айналды. Бүгін, Мемлекеттік қызметшілер күніне орай кадр резервінде қатаң іріктеуден өткен дарынды жастардың қол жеткізген жетістіктері жайында аз-кем әңгіме өрбітуді жөн санаған едік. Айта кетейік, 2019 жылы ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы Президенттік кадр резерві құрылатынын мәлімдеді. Ал сол жылдың тамыз айында Қ.Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Қыркүйек айында Президенттің жастар кадр резервіне өтінім қабылдау басталды. «Президент кадр резервінде болу – талапты жастар үшін таптырмас мүмкіндік екені анық. Алайда оны билікке жетудің емес, халыққа қызмет етудің төте жолы деп білу керек. Шын мәнінде ең үлкен мәртебе де, абырой да осында. Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Сіздер – еркін елде туып-өскен рухы азат, санасы ашық азаматсыздар. Қазақстанды одан әрі өркендету – өздеріңізге жүктелетін үлкен жауапкершілік. Осы орайда өскелең ұрпақ ел үмітін ақтайды деп сенемін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев биыл маусым айындағы Президент жастар кадр резерві форумына аралған құттықтау хатында. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мәліметінше, қазіргі кезде резервке енген 300 адамның арасында 181-і қызметке орналасқан. Орталық меморгандарға 92-сі, жергілікті атқарушы органға – 40, ұлттық компанияларға – 30, басқа да жеке ұйымдарға 19-ы тағайындалған. Бұл тұрғыда саяси лауазымдарда 17 адам қызмет етіп жүрсе, «А» корпусы лауазымында – 5, Парламент Мәжілісі депутаты – 2, облыстық мәслихат депутаты қызметін 1 резервші атқарып жүр. Айта кетейік, Президент жастар кадр резервінің өкілдері бірінші басшылардың штаттан тыс кеңесшілері лауазымына да тағайындалады. Қазіргі кезде аталған қызметке кадрлық резервке іріктелген 3 азамат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде, сондай-ақ бір адам Есеп комитетінде қызметте.

Саяси лауазымдағы 17 азамат:

1. Азамат Бейісбеков – Президент Әкімшілігі Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2. Дархан Сапанов — Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

3. Бауыржан Омарбеков — Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

4. Нұрлан Жақсымбетов – Президент Әкімшілігі Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісінің орынбасары;

5. Максим Споткай — Сенат аппарат басшысының орынбасары;

6. Әркен Өтенов — Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары;

7. Асхат Оралов — Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;

8. Әлібек Қуантыров — ҚР Ұлттық экономика вице-министрі;

9. Руслан Хамбаров — Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары;

10. Ермек Кенжеханұлы — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;

11. Айдар Нұралиев – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 12. Сәкен Шаяхметов — Павлодар облысы әкімінің орынбасары;

13. Айбек Саттыбаев — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары;

14. Азамат Қалдыбеков — Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі;

15. Бақытжан Ақжаров — Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі;

16. Дәулет Кәрібек – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;

17. Ержан Абылханов – Атырау облысы әкімінің орынбасары (қызметінен босатылды).

«А» корпусы өкілдері 5 қызметте:

1. Ернат Мұхамадиев — ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы;

2. Дастан Рыспеков — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы;

3. Қайрат Райымқұлов — Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы;

4. Абзал Бейсенбекұлы — ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы;

5. Расул Медетов — Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы.

Айта кетейік, көп жағдайда шамадан тыс жүктеменің салдарынан мемлекеттік органдарға тың идеялар мен міндеттерді шешуде ұтымды қадамдар жетіспей жатады. Бұл тұрғыда кадр резервіндегі жастардың білімі назардан тыс қалмады. Осы орайда мемлекеттік органдар жанындағы консультативтік-кеңес органдарының құрамына резервтің 35 мүшесі енді. Оның ішінде: — 18-і директорлар кеңесінің мүшесі (Білім және ғылым министрлігі); — 4-і жұмыс топтарының мүшесі (Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі); — 2 резервист ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі; — 9 резервист қоғамдық кеңес мүшелері (ведомстволар мен облыс әкімдіктері) — 1 резервист Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі (ШҚО әкімдігі) — 1 резервист координациялық штаб кеңесінің мүшесі (Қостанай облысы әкімді). Президент кадр резерві құрамындағы Бекжан Әлімкұлов қазіргі кезде ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментіне жетекшілік етіп отыр. Ол кадр резерві жайында өз пікірін бөліскен еді. «Менің ойымша, резерв елдің тағдырына араласуға ниетті белсенді жастар үшін өте пайдалы әлеуметтік лифт болы тұр. Мен үшін Президенттік жастар кадр резерві жеке өмірімді өзгеріске ұшыратты. Себебі бұған дейін бизнес саласында қызмет етіп, елордада тұрып жаттым. Ал кадр резервіне іріктелгеннен кейін, маған Түркістан облысына баруға және сонда Энергетика министрлігі комитетінің аумақтық департаментін басқару ұсынылды. Яғни бизнестен бірден өңірдегі басшылық қызметті алу мен үшін өте жақсы әлеуметтік лифт болды», — дейді ол. Осылайша, кейінгі уақытта жастар мен қоғам өкілдері арасынан Президент жаңа кадрларды белсенді түрде тартып жатыр. Оның арқасында басқарушы буын жоспарлы түрде жаңарып келеді.

inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.