• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Сәуір 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІНДЕ ӨЗГЕРІС

15.06.2021
0

Шаһардың 2021-2025 жылдарға арналған қаражаты қайта қаралып, депутаттардың назарына ұсынылды, деп хабарлайды Айғақ-ақпарат.

Даму бағарламасы аясында мегаполис тұрғындарын баспанамен қамту, жолдарды ретке келтіру секілді мәселелер жоспарға қойылып отыр. Бұл туралы тұрақты комиссия отырысында қаралып, алтыншы сессияда талқыланды.
Халық қалаулылары бас қосқан жиында алдымен халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және оңалту шаралары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, қала тұрғындарын баспанамен қамту шараларының есебі тыңдалды. Аталған мәселелердің бәрі де тұрақты комиссияларда егжей-тегжейлі қаралған. Солардың бірегейі — баспана. Шымкент миллионды қала атанғалы тұрғын үйге сұраныс артып келеді. Қазіргі таңда 44 мың адам үй кезегінде тұр. Оның ішінде көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтың баспаналы болуы алаңдатады. Тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжановтың айтуынша 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда құрылыс басқармасы тарапынан 696 пәтер пайдалануға тапсырылып, оның ішінде 300 пәтері жұмыс істейтін жастарға табыс етілді. 308 пәтер бойынша тұрғын үй комиссияның шешімі қабылданып, жалдау шарттарын беру толығымен аяқталып, азаматтарға кезек реті бойынша берілді. Ал жыл соңына дейін 368 отбасы жаладамалы баспанаға қол жеткізеді дейді.
Күн тәртібінде автомобиль жолдары бойынша да мәселелер қаралды. Биыл үшінші мегаполисте ішкі орам жолдары мен шалғай елдімекендердің көшелеріне басымдық беріліп отыр. Құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары сол жерлерде көптеп жүргізілуде. Бүгінгі таңда атқарылып жатқан маңызды жұмыстардың бірі – шағалтас төсеу. Қазір жалпы ұзындығы 153 шақырымды құрайтын көшелерге шағалтас төселуде. Оның басым көпшілігі Қаратау ауданының еншісінде. Себебі, осы ауданда жаңадан қалыптасып келе жатқан елдімекендер мен шағынаудандар көп. Осыған орай қосымша қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жолданған болатын. Қалалық мәслихаттың сессиясында ол мақұлданып, 500 млн қаржы бөлінді. Осылайша биыл топырақ жолдардың мәселесі біршама шешімін таппақ.
Еліміздің даму стратегиясында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қорғау басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылған. Ал әлеуметтік сала қоғам өмірінде басты рөл атқарады. Сол себепті қоғамның әлсіз тұсына баса көңіл бөлініп келеді. Сондай-ақ мемлекетпен кепілдендірілген төлемдер көлемі жыл сайын көтерілуде және жергілікті бюджет қаржысы есебінен де түрлі әлеуметтік қолдаулар ұйымдастырылып келеді. Бүгінде Шымкент қаласында 82 мың ардагер бар. Оларды сауықтыру мәселелеріне де ерекше мән берілуде. Атап айтқанда, осы жылы 1000 ардагерге санаторийде емделуге жолдама тапсырылған. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратовтың айтуынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылдың бірінші тоқсандағы жағдай бойынша 229 мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Оның ішінде 62 азамат тұрақты жұмысқа, ал 167 азамат уақытша жұмысқа тартылған.
Бюджетті нақтылау барысында қаржы негізінен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін, тұрғындарды толғандыратын мәселелерін шешуге бағытталды. Әкім Әйтеновтың айтуынша шаһардың инженерлік-инфрақұрылымдық жүйесін дамытуға басымдық берілуде. Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үй, аулаларды абаттандыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында шағынаудандарда әмбебап спорт алаңдарын орнату жоспарланды.
Бірқатар мәселелер талқыланған сессия отырысында төраға ауысты. Депутат Альбина Елшиеваның орнына жетінші шақырылымдағы мәслихаты сессиясының кезекті отырысының төрағалығына Төреайым Сұлтанова сайланды. Осылай деп қорытындылаған шаһар басшысы Мұрат Әйтенов жыл басынан бері қаланың негізгі көрсеткіштерінде оң өсім барын айтып, жұмыстарды одан әрі күшейту қажеттігін айтты.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.