Еліміздің бас қаласы Нұрсұлтанда «Ризамын» атты кітаптың тұсауы кесілді. Авторы Атырау, Маңғыстау, Ақжайық аймақтарының Құрметті азаматы, елімізге танымал қоғам қайраткері Төкен Танаұлы.
Атырауда Жылыой ауданының әкімі болғанда көзге түсіп, талай күрделі мәселені шешкен тұлға. Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан азамат.
Түркістан облысына да қатысы бар қайраткер. Яғни, Түлкібас пен Төлеби аудандарында демалыс аймағын ашып, туризмнің дамуына түрткі болған тұлға.
Бұған дейін 226 мақала мен бірнеше кітапты жарыққа шығарған авторы Төкен Жұмағұлов еліне риза. Сондықтан «Ризамын» атты кітапты жарыққа шығарып, белгілі кәсіпкер жұртшылыққа алғыс айтты. Еліміздің бас қаласында өткен бұл іс-шараға Қазақстанның Құрметті судьясы Бекет Тұрғараев үлес қосып, танымал қайраткерлерлерді шақырып қуанышқа ортақтасты.