• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ҚАШЫҚТЫҚТАН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 70%-ы ӘЙЕЛДЕР

19.05.2021
0

Covid-19 пандемиясынан туындаған өткен жылғы құлдыраудан кейін еңбек нарығындағы жағдайды қалпына келтірумен қатар, еңбек қызметінің баламалы нысандарын дамыту арқылы жұмыспен қамтудың сипаты да өзгеруде. Бүгінгі таңда әлемдегі әрбір 5-ші адам қашықтан жұмыс істеуге көшті немесе үйінде жұмыс істей бастады. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) сарапшыларының деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2021 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 73,7 мың адам қашықтықтан жұмыс істеді, олардың 70,2%-ы негізінен қалада тұратын әйел адамдар.

2020 жылдың басым бөлігінде COVID-19 салдарынан жұмыстың икемді түрлеріне көшу процесін жеделдету бүгінде Қазақстанда қашықтықтан жұмыспен қамтудың кең таралуында көрініс табуда. Қашықтан жұмыс істеген немесе жұмыс істей бастаған азаматтардың еңбек қызметін жарыққа шығару өз кезегінде қоғамның жұмыспен қамтудың баламалы нысандарын қабылдау процесін жеделдетуге мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде Қазақстанда еркін табыс деп аталатын экономиканың дамуы, еңбек қызметіне әйелдер мен ауыл тұрғындарын белсенді тарту болды.

«Мысалы, ел бойынша әрбір 3-ші ауыл тұрғыны қашықтықтан жұмыс істейтін болып табылады және жұмыс берушілер қашықтықтан жұмыс жасайтын қызметкерлердің тек 14%-ына ғана коммуникация құралдарын берген», – деп атап өтті ЕРДО Стратегия және жобалық басқару департаментінің директоры Александра Молчановская.

Бұдан басқа, халықаралық тәжірибе жұмыспен қамтудың баламалы нысаны ретінде көрсетілетін қызметтер секторын дамыту және толық емес жұмыс күні жұмыспен қамтуды кеңейту ЭЫДҰ-ға мүше елдерде әйелдердің жұмыс күші құрамына қатысуын кеңейтуде қуатты факторларға айналғанын көрсетеді. Сонымен қатар, үйден жұмыс істеудің айқын артықшылықтарына қарамастан, жұмыс уақытының ұлғаюы және жұмыс уақыты мен жеке өмірдің араласу қаупі бар. Алайда, жұмыспен қамтудың икемді түрлерінің таралу қарқыны күнделікті жұмыспен қамтуға жаңа сипаттама бере отырып, қарқын алуда.

Бұдан басқа, пандемияның қазақстандық еңбек нарығына әсерінің тағы бір көрсеткіші жұмыс берушімен ресми байланысты сақтай отырып, жұмыс берушінің бастамасы бойынша іс жүзінде жұмыс істемеуге мәжбүр болған уақытша жұмыспен қамтылмағандар санының өзгеруі болды. Олардың саны өткен жылдың 2-тоқсанында ең жоғарғы шегіне жетті және 2021 жылдың 1-тоқсанында 74% — ға, 139,6 мың адамға дейін қысқарды, ал 2020 жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда төмендеу 5% — ды немесе 7,1 мың адамды құрады.

Жалпы, ағымдағы жылдың 1-тоқсанында еңбек нарығындағы жағдай тұрақты қалпына келтіріліп, коронакризистің теріс салдарын бәсеңдетеді. Жұмыс күшінің саны өткен жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда 35 мың адамға (0,4%) артып, 9 млн. 232 мың адамды құрады. Жалдамалы (+27,2 мың адам 6 млн 703 мың адамға дейін), сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында (+9,4 мың адам 2 млн 078 мың адамға дейін) жұмыспен қамту өсуде.

«Экономикалық қызмет түрлері бойынша қызмет көрсету секторларында қалпына келу қарқынының өсуі байқалады, бұл ретте ауыл шаруашылығы, құрылыс, өнер және ойын-сауық, қаржы және сақтандыру қызметі салалары жұмыспен қамтудың жылыстауына ұшырайды. Біліктілік құрылымы орта білікті мамандардың көбеюіне және сәйкесінше жоғары білікті жұмысшылар үлесінің азаюына байланысты өзгеруде», – деді Александра Молчановская.

Осылайша, басшылар мен кәсіби мамандар саны тиісінше 16,2 мың және 13,5 мың адамға қысқарды. Сонымен қатар техник-мамандардың (+41,2 мың адам), өндірістік жабдық операторларының (+33,5 мың адам), қызмет көрсету және сату саласындағы қызметкерлердің (+8,7 мың адам), сондай-ақ фермерлер мен ауыл шаруашылығы жұмысшыларының (+6,3 мың адам) саны өсті. Өз кезегінде біліктілігі жоқ қызметкерлер 6 мың адамға көбейді.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 4-тоқсанмен салыстырғанда жұмыссыздар саны 1,7 мың адамға қысқарып, 451,3 мың адамды құрады, бұл ретте жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды.

Жұмыссыздық деңгейі елдің оңтүстігінде – Алматы қаласы мен Түркістан облысында (екі өңірде де 5,2%), сондай-ақ Шымкент қаласында (5,1%) ең жоғары болып қалуда. Бұл ретте жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі Қарағанды облысында (4,5%) және Нұр-Сұлтан қаласында (4,6%) байқалады.

Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2021 жылғы сәуір айының соңында 215 мыңға жуық адамды құрады, ал жалпы республика бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,3%-ға теңелді. Тіркелген жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Түркістан (4,6%), Атырау және Батыс Қазақстан (екі өңірде де 4,4%) облыстарында байқалды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

“ЭКО ШИНА” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негіз болды. 2024 жылғы ақпанда өткен...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Оңтүстіктен – Солтүстікке. Жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы жалғасуда. Еліміздің оңтүстігінен тағы бір топ отбасы Солтүстік Қазақстан және...

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

               Қаламызда «Тоқты мен Серке» толық метражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. «Сақ» киностудиясы мен...

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

Айғақ медиа
17.07.2025
0

  Түркістан облысында «Солтүстік көш» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Биыл Шымкент, Сарыағаш және Жетісай аудандарынан 30 азамат Шығыс Қазақстан...

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

   Мәжіліс депутаты Шымкентке жасаған сапары аясында жеке қайырымдылық ұйымының жұмысымен танысты. «Өркен» сөйлеуді дамыту орталығының өкілдерімен кездесуде әлеуметтік көмек...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.