Жыл сайын елімізде қысқы аяз бен көктемгі тасқын су салдарынан болған ақауларды жою мен қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған кешенді бағдарлама іске қосылады, деп хабарлайды ҚР ИНдустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Биыл көктемгі тексерудің қорытындысы бойынша бекітілген кешенді-мақсатты бағдарламаға сәйкес, жолшылар шұрық-тесік, ойқы-шойқы жолдың 60 мың шаршы метрден астамын жөндеген. Жоспар бойынша 2021 жылы бұл жұмысты 600 мың шаршы метр жолға жүргізу көзделген.
«Қазақавтожол» мамандарымен, сондай-ақ, 6 мың шаршы метрге жуық жол тегістелді. 3606 жол белгісі, 73 панно, 22 жарықдиодты жол белгісі орнатылып, алмастырылған. Бұдан бөлек, жолшылар 3507 дабыл бағанасын, шақырымдық белгінің 98 бірлігін, 30860 катафот пен 117 жол буферін құрған. Ал жолдың 7 мыңнан астам шақырымына жүріс бөлігі сызығы белгіленді. Сондай-ақ, 13 мың метрден астам қоршау орнатылып, жөнделген. 42 көлік павильоны мен демалыс алаңына жөндеу жүргізілді.
Айта кетейік, барлық жұмыстар жол жабындысындағы ақауларды жойып, қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.