• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Шілде 21, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КӘСІПТЕР АТЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

12.05.2021
0

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) онлайн-конференция өткізді, оның шеңберінде орталық мемлекеттік органдар өкілдеріне Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы (бұдан әрі – Атлас) таныстырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Баяндамашы ретінде Саясат Нұрбек сөз сөйледі, ол серіктес ретінде Атласты әзірлеу және енгізу бойынша жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде әдіснамалық, әкімшілік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді. Өз сөзінде ол мемлекет тарапынан стейкхолдерлер әзірлеген Атласты қолдану перспективалары туралы әңгімеледі, сондай-ақ оны еңбек нарығын болжауды жақсарту, жоғары және ТжКБ бағдарламаларын жаңарту және кәсіптік стандарттарды жаңарту құралы ретінде пайдалану үшін негізгі бағыттар бойынша ұсынымдар берді.

«Жаңа кәсіптер атласының көмегімен экономиканың қаралып отырған әрбір саласы бойынша түрлі құзыреттіліктерге қажеттілікті болжауға болады, бұл болашақ стратегиялық даму бағдарламаларының дәлдігіне оң әсер етеді. Бұдан басқа, бұл халықтың біліктілігін арттыруға деген түсінігі мен қызығушылығына, өзекті дағдыларға немесе сұранысқа ие мамандықтарға оқытуға тартылуына әсер етеді», – деп хабарлады Саясат Нұрбек.

Бүгінгі таңда Атлас негізінде білім беру стандарттарына бірқатар жаңалықтар енгізілуде. Мысалы, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің базасында «тау-кен өндіру өнеркәсібі мен пайдалы қазбаларды өндіруге арналған пилотсыз ұшу аппараттарының операторы» жаңа мамандығы бойынша оқыту басталды. Осы бағыттағы мамандарды даярлаудың өзектілігін Дон тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері растайды.

Бұдан басқа, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ТжКБ сыныптауышына мынадай мамандықтар мен біліктіліктер қосылды:

– «Робототехника және ендірілетін жүйелер (салалар бойынша)» мамандығы және «Робототехникалық жүйелер мен кешендерді монтаждаушы-реттеуші», «Мобильді робототехника технигі», «Өнеркәсіптік робототехника технигі» біліктілігі;

– «Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы» мамандығы және «Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар өндірісінің операторы» біліктілігі;

– «Өндірістің аддитивті технологиялары» мамандығы және «Аддитивті қондырғылардың операторы» біліктілігі;

– «Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе» мамандығы және «Сыртқы ұшқыш», «Пилотсыз авиациялық жүйелерді техникалық пайдалану жөніндегі техник-механик» біліктілігі;

– «Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы және «BIM-пайдаланушы», «BIM-техник», «Ғимаратты басқарудың зияткерлік жүйелеріне қызмет көрсету технигі» біліктілігі;

– «Жылжымайтын мүлікті басқару» мамандығы және «Көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы» біліктілігі;

– «Дестинацияны басқару» мамандығы және «Экологиялық туризм менеджері», «Туристік қызметтерді жылжыту жөніндегі менеджер», «Туристік ақпараттық орталықтың менеджері» біліктіліктері.

Естеріңізге сала кетейік, Атласты әзірлеу ҚР Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 39-тармағын орындау үшін және ҚР Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен бекітілген «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстар негізінде жүзеге асырылды.

Атласты әзірлеу әдістемесі халықаралық тәжірибеге және экономика салаларын дамытудың әлемдік трендтерін ескеруге негізделген. Ол рапид форсайты (rapid foresight) технологиясы бойынша салалық сарапшылардың қатысуымен өндіріс, мемлекеттік органдар, салалық қауымдастықтар және т. б. өкілдерінің қатысуымен болжамды сессиялар өткізуді қамтыды.

Атласта экономиканың басым 9 саласы: тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, АКТ, энергетика, туризм және құрылыс бойынша еңбек нарығын сыни түрде өзгертетін негізгі технологиялық трендтерге талдау жасалған. Құжатта кәсіптердегі таяудағы 5-10 жылға арналған өзгерістер болжанып, сондай-ақ 239 жаңа, 95 трансформацияланатын және 129 жойылып бара жатқан кәсіп айқындалды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

“ЭКО ШИНА” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негіз болды. 2024 жылғы ақпанда өткен...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Оңтүстіктен – Солтүстікке. Жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы жалғасуда. Еліміздің оңтүстігінен тағы бір топ отбасы Солтүстік Қазақстан және...

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

               Қаламызда «Тоқты мен Серке» толық метражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. «Сақ» киностудиясы мен...

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

Айғақ медиа
17.07.2025
0

  Түркістан облысында «Солтүстік көш» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Биыл Шымкент, Сарыағаш және Жетісай аудандарынан 30 азамат Шығыс Қазақстан...

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

   Мәжіліс депутаты Шымкентке жасаған сапары аясында жеке қайырымдылық ұйымының жұмысымен танысты. «Өркен» сөйлеуді дамыту орталығының өкілдерімен кездесуде әлеуметтік көмек...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.