• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

КҮЛТӨБЕДЕН ТАБЫЛҒАН АЛТЫН СЫРҒАЛАР ҚОРЫҚ-МУЗЕЙ ҚОРЫНА ТАПСЫРЫЛДЫ

22.04.2021
0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Түркістан қаласындағы ортағасырлық Күлтөбе қалашығында Қазақ ғылыми — зерттеу мәдениет институты археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатқаны белгілі. Қазіргі күнге дейінгі археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған заттардың ішінен ХVII-ХIХ ғасырларға тән 193 дана керамикалық, 77 дана мыс бұйымдар 298 дана ХVIII-ХIХ ғғ. тән монеталар, 17 фарфор ыдыстардың фрагменттері, II ғ. екінші жартысы-IV ғғ. тән 6 дана алтын әшекей мен ХIII- ХIV ғғ. тән 2 алтын сырға, 7 дана алтын әшекей бөлшектері сондай-ақ 9 дана күміс тиындар мен 2 дана күміс әшекейлер жалпы саны 600-ге жуық зат «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорына қабылданды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Тарихи жәдігерлердің қатарында, Күлтөбе қалашығының ең көне құрылыс қабаттарынан табылған алтыннан жасалған әшекей бұйымдар: сырғалар, киімге тағатын бұйымдар бар. Олар б.з. II – IV ғғ. мерзімделеді.

Алтын сырғалар жұқа алтын фольгадан, әшекей беті анар тәрізді безендірілген, бұратылып жасалған. Күлтөбе қалашығынан табылған қазіргі уақытта ең ежелгісі және үлкен қызығушылық танытатын бұйым полихромды стилде жасалған, археологияда «калачик тәрізді» деп аталатын сырғалар.

Оңтүстік өңірде осыған ұқсас бір сырға, Ордабасы ауданында орналасқан Күлтөбе қорымының катакомба деп аталатын жерлеу құрылысында табылған болатын.

«Әдетте алтыннан жасалған жәдігерлер қаланың ішінде емес сырттағы обалардан табылады. Күлтөбеден табылған сирек кездесетін жәдігердің де ерекшелігі осында.  Мұның жасалу үлгісі сақ дәуірінде басқаша болған, қосымша тастарды әшекейлеп бетіне жапсыру болмаған. Бұл ғұн, сармат кезеңдеріне тән, II-III ғасырларға тән алтын қатарын толықтырып тұр. Әрбір жәдігер ата-тегіміз бен салт-дәстүр, ғұрпымыздан хабар береді», — деді тарих ғылымдарының докторы, археолог Мұхтар Қожа.

Сонымен қатар, XII-XIII  ғасырларда сәнге айналған — сұрақ белгісінде жасалған, інжу тастармен безендірілген алтын сырға да бар.

«Мұндай сырғалар 2000 жылы Сауран қалашығының қазба жұмыстары барысында табылып қорға қабылданған болатын. Ғылымда мұндай сырғалар «қыпшақ» үлгісіндегі алтын сырғалар деп аталған және оларды билік өкілдері емес, қарапайым халық тұтынған деп атаған. Екінші әшекей  сегіз саны пішінді етіп жұқа дөңгелек сымнан жасалған. Екінші жағында жұқа сымға 4 кішкентай інжу байланған.

II-III ғасырларға тән алтындар сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері ең алғашқы металлургия пайда болған орталықтардың бірі болғанын және олардан түрлі әшекейлер жасау шеберліктерін меңгергендігін дәлелдейді», -дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Қор сақтау бөлімінің басшысы Н.Әшірбаева.

Айта кетсек, Түркістан аумағындағы алғашқы қалалық қоныстардың бірі — Күлтөбе қалашығын қайта қалпына келтіру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақ ғылыми — зерттеу мәдениет институты 2018 жылдан бері археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді.

Үздіксіз жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде Қоқан және Қазақ хандығы тұсындағы үйлердің орындары, ХVІІ-ХІХғғ. тән қыш-құмыралар, басқа да түрлі құнды жәдігерлер табылған.

2019–2021 жылдарға жоспарланған археология және реставрация жұмыстары аясында көне қалашық аумағында табылған тарихи орындарды бастапқы келбетіне сай қабырғасын қалау, сондай-ақ туристердің аралап, танысуына ыңғайлы галереялық жолдар салу сияқты бірқатар іс-шаралар атқарылды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қолға алынған жоба аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Күлтөбе қалажұртына кешенді түрде археологиялық қазба, консервация және реставрация, жартылай қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Күлтөбе қалажұртында әлі де ашылмаған тарихи сырларды зерттеп, анықтау, ЮНЕСКО және ИКОМОС халықаралық сараптамалық қоғамдастығы ұсынған Күлтөбе қалажұртындағы маңызды тарихи орындарды сақтау және қалпына келтіру, археологиялық парктің ғылыми тұжырымдамасын әзірлеу және әр түрлі әлеуметтік бағыттарға арналған – ғибадатханалар, үйлер, қолөнер шеберханалары және өзге де тарихи археологиялық нысандардың 3D үлгісін жасау, тарих, археология, этнография, мәдениеттану және өнертану тұрғысынан Күлтөбе қалажұртын зерттеудің әртүрлі аспектілеріне арналған монография, ғылыми жинақ, иллюстрациялық альбом және бірқатар ғылыми мақалалар форматында жарияланымдар ұйымдастыру жоспарланған. Жобаның демеушісі — ERG компаниясы.

Айта кетейік, біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан бастау алатын Қазақстандағы алғашқы сәулет құрылыстары бар Күлтөбе қалашығы бірқатар деректерде Күлтөбе Ясы (Асон) деп аталады. Алғаш рет Ясы атауы моңғолдардың ұлы ханы Менгудің ордасына Қазақстанның оңтүстік аймағы арқылы сапар шеккен армян патшасы І Гетумның жолжазбасында кездеседі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

               Қаламызда «Тоқты мен Серке» толық метражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. «Сақ» киностудиясы мен...

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

Айғақ медиа
17.07.2025
0

  Түркістан облысында «Солтүстік көш» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Биыл Шымкент, Сарыағаш және Жетісай аудандарынан 30 азамат Шығыс Қазақстан...

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

   Мәжіліс депутаты Шымкентке жасаған сапары аясында жеке қайырымдылық ұйымының жұмысымен танысты. «Өркен» сөйлеуді дамыту орталығының өкілдерімен кездесуде әлеуметтік көмек...

1 ТАМЫЗДАН БАСТАП АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ӨТЕДІ

1 ТАМЫЗДАН БАСТАП АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ӨТЕДІ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. 1 тамыздан бастап өтетін маңызды науқанға 3,5 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ, шаһарда онлайн режимдегі...

ҚАРТТАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ОРТАЛЫҚ

ҚАРТТАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ОРТАЛЫҚ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Шымкент қаласында «AMANAT» партиясының бағдарламасы аясында 2023 жылдан бері  «Ізетті зейнеткер» орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіп,...

ҚАПТАҒАН КЕНЕДЕН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

ҚАПТАҒАН КЕНЕДЕН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Айғақ медиа
17.07.2025
0

   Шаһарда кене шаққан адамдар саны көбейген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артқан. Сондай-ақ, екі азаматтан Конго-Қырым қызбасы анықталып...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.