Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 6 сәуірдегі бұйрығы негізінде Сарыағаш ауданына- Н.Е.Қосбаев, Арыс ауданына-Т.С.Сейдуалиев және Кентау қаласына- А.С.Әбдрешов прокурор болып тағайындалды, деп хабарлайды Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
— Қосбаев Нүркен Есенгелдіұлы 1979 жылы Жамбыл облысы Қаратау қаласында туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Сыныптық шені — әділет кеңесшісі.
Соңғы қызмет орны – Түркістан облысы Арыс ауданының прокуроры.
— Сейдуалиев Талғат Сатышұлы 1969 жылы Түркістан облысы Жетісай ауданында туылған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
Соңғы қызмет орны – Түркістан облысы Кентау қаласының прокуроры.
— Әбдрешов Ардақ Сапарғалиұлы 1981 жылы Түркістан облысы Кентау қаласында туылған. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.
Сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі.
Соңғы қызмет орны – Түркістан облысы Кентау қаласы прокурорының орынбасары.