Алматыда әйелдер күресінен Азияның олимпиадалық квалификациялық турнирі жалғасып жатыр. Қазақстандық Татьяна Ахметова-Аманжол Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Отандық спортшының қарсыласы кореялық Хунджу Ким болды. Татьяна оны 11:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Біздің анықтама:
Татьяна Ахметова-Аманжол 1985 жылы 17 қазанда туған.
Салмақ категориясы: 53 кг
Өңірі: Нұр-Сұлтан қ.
Үздік жетістіктері:
Азия Чемпионы 2009,2013,2014,2020
Азия ойындарының қола жүлдегері (2014).