Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»АЛДАҒЫ БЕС ЖЫЛДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ 25 СУ КАНАЛЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛАДЫ
    Бас ақпарат

    АЛДАҒЫ БЕС ЖЫЛДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ 25 СУ КАНАЛЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.04.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысына іс-сапары барысында су каналдарын цифрландыру жұмысымен танысты. Пилоттық жоба ретінде автоматтырылған Жетісай ауданындағы К-19 каналындағы жұмыс нәтижесін тексерді, деп хабарлайды аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.

    «Бұл жоба 2019 жылдың қыркүйек-қазан айларында жүзеге асырылды. Технологияның артықшылығы – суды да, қаржыны да үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы тәжірибені ескере отырып, алдағы бес жылда «Қазссушар» мекемесінің Түркістан филиалындағы 25 су каналы автоматтандырылады. Нәтижесінде суармалы суды 20%-ға үнемдеуге қол жеткізу жоспары бар. Сол кезде егістікке су беруде адам факторы орын алмайды», — деп түсіндірді «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы автоматтандыру бөлімінің жетекшісі Қалдархан Мейірманов.

    Каналда бүгінге дейін су қарапайым жолмен есептеліп келді, сондықтан су шығынын дұрыс бақылау қиынға соғып, ресурсты тиімді пайдаланылмау жағдайлары орын алды.

    «Біздегі ең үлкен проблеманың бірі – артық су жоғалту. Cу жоғалту көлемі қазір 40%-ды құрайды. Сондықтан республикалық бюджет пен шетелдік банктерден қаржы тарту арқылы судың есебін цифрландыру жұмысы жүріп жатыр. Жаңа технология үш ай ішінде-ақ өз нәтижесін беріп, су шығыны азая бастады. Ендігі жоспарымыз – 5 ішінде еліміздегі 119 ірі каналдарды цифрландыруз», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

    Министр аудандардағы су каналдарын аралау кезінде жергілікті халықтың арыз-шағымын да тыңдады, Тұрғындар суару кезеңінде суды уақытылы жеткізу бойынша өтініш білдірді. Ведомство басшысы елімізде 30-ға жуық су қоймасы жөндеуді талап ететінін, қазір каналдардың біразы жөнделіп, қалғанында жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатқанын түсіндірді. Сонымен бірге су үнемдеу мәселесі диқандардың өзіне де қатысты екенін атап өтті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.