Бүгін таңертең Шымкент қаласындағы екпе егу пунктеріне вакцина таратылып, егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов баспасөз жиынында мәлім етті. Айтуынша қалада ковидке қарсы 37 егу пункті бар. Медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы екпе егу кабинеттерінің барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бүгінге дейін қалада 13 087 адамға ковидке қарсы вакцина салынған. Екпе алғандардың 6376-ы медицина қызметкері, 1182-і полицейлер және 4224-і мұғалімдер, 517-і созылмалы аурулары бар азаматтар болса, қалғандары басқа да санаттағы азаматтар. Айта кетейік, вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізілуде. Ковидке қарсы вакцина салдырғысы келген азаматтар жергілікті емханаларына барып екпе алуға болады.
Шымкент қаласында 2021 жылдың
1 қаңтардан 9 сәуірге дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 1 872 жағдайы тіркелді (1084 симптомды, 788 симптомсыз).
Емделіп шыққандар саны – 1098, қайтыс болғандар — 100.
2021 жылдың 1 қаңтардан 9 сәуірге дейін COVID-19 белгілерімен (ICD-10 коды — U07.2) пневмонияның 231 жағдайы тіркелген.
Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 72 жағдай тіркелген.
Бүгінгі күні қалада 1 010 төсек — орын бар (жұқпалы — 490, Атамекен клиника-450, «Орынбаев гипербариялық оттегі орталығы»-70 ), оның 750 төсек – орны бос. Жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 260 науқас ем қабылдауда екен.
ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР
Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...