Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Нұрлан Сауранбаев ҚТЖ-ның басшысы болып тағайындалды 
    Бас ақпарат

    Нұрлан Сауранбаев ҚТЖ-ның басшысы болып тағайындалды 

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.04.2021Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды,-деп хабарлайды  «Самұрық-Қазына» қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаментінің баспасөз қызметі.

    Бұған дейін Нұрлан Сауранбаев Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған болатын.

    Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбылда дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін 1991 жылы «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1991 жылы жеке коммерциялық компанияның басшысы болып бастады, онда 1997 жылға дейін жұмыс істеді.

    1997-1998 жылдары — Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры.

    1998-2000 жылдары — «Қазақстан темір жолы» департаментінің директоры.

    2000-2002 жылдары — «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ» Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ-ның бірінші вице-президенті, бас менеджері, қайта құру жобасын басқару жөніндегі топтың жетекшісі.

    2002-2004 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ Инжинирингтік және сервистік жобалар департаментінің директоры.

    2004-2007 жылдары — «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

    2007-2010 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК акционерлік қоғамының басқарушы директоры.

    2010-2011 жылдары — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі, басқарушы директоры.

    2011-2014 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды. Кейін Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.

    2017 жылы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетін басқарды.

    2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың маусымына дейін Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарды.

    Нұрлан Сауранбаев Президент Әкімшілігінде 2019 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істеді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.