Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының үздік педагогі Арман Орынбеков «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болды. Мемлекеттік награданы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыстаған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арман Орынбеков — Шымкент қаласындағы № 90 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры. Осыған дейін Арман Шымбайұлының 80-нен астам әдістемелік-оқу құралдары жарық көрді.
2019 жылы республикада «Үздік педагог» атанған болатын.
Сонымен қатар, мектеп-гимназияның оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі әр түрлі білім, өнер, спорттық байқаулар мен жарыстарда, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарында 200-ге жуық, ұстаздары қалалық пәндік олимпиадалардан және әр түрлі деңгейдегі байқаулардан 80-нен астам жүлделі орындарды жеңіп алған.