• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Ақпан 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен маңына жерленген тағы да 12 тұлға белгілі болды

15.03.2021
0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған ғылыми кеңесте тағы да он екі тұлғаның Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен маңына жерленгені туралы тарихи деректер мақұлданды, — деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

-«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің жанынан құрылған кеңестің әр отырысында ғылыми тұжырымдамалар тарихшы, ғалымдардың жіті сараптауынан, зерттеп, талқылауынан өтіп барып бекітіледі. Діни-рухани тұлға Қожа Ахмет Ясауидің айналасында жатқан хан-сұлтан, батыр, билеріміздің ішінде анықталмағандары әлі де көп болуы мүмкін. Қазіргі таңда бұл бағытта зерттеу жұмыстары жан-жақты жүргізілуде.
Ал бүгінгі тізімге енген он екі тұлғаның тарихын анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде олар жайлы деректер мен мәліметтер толыққанды жинақталды. Елімізге белгілі ғалымдар бұдан басқа да тізімге енбей қалған тұлғалар жайлы мәліметтер ұсынуда. Алдағы уақытта бұл мәселе де түбегейлі қолға алынатын болады. Сонымен қатар, отырыс барысында күні бүгінге дейін кесенеде жерленген тұлғалардың игі жақсылар санатында тұрған Қоңыршұнақ Ердес Шүренұлы батырлар тізіміне ауыстырылды. Өз заманында беделді, атақты әрі би, әрі батыр, әрі датқа болған Ердес батыр Шүренұлы туралы жазба дерек аз болғанымен, ел арасына тараған ол кісінің палуандығы, батырлығы, датқалық қызметі жайлы аңыз-әңгімелер көптеп кездеседі»,- деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.

Ғылыми кеңес мүшесі, тарихшы, ғалым М.Тұяқбаевтың айтуынша осы уақытқа дейін Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның маңында жерленген тұлғалар тізіміне Жолбарыс хан (Са’д Әулие), Әбділлә хан, Бибі Хисаб, Қазыбек би, Шоң би, Абылай хан, Сүйініш хан, Қоқырас хан, Әулие хан, Шорнағат хан, Ілияс хан сынды тұлғалар енген. Алайда, неге екені белгісіз Марқаді Мүннавара Паклар, Фам ғашық зікірші, Шихаб ад-дин Сарвар, Шайх Наджим ад-дин, Баба Ғариб, Үндемес ата, Жеті Ата, Үшбас Ата, Сұлтан Ибраһим сынды тұлғалар енбей қалған.

— «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорында зиярат әдебіне қатысты Садық Сапабекұлының (туған және қайтыс болған жылы белгісіз) қолжазбасы сақталған. Ол 1907 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, зиярат әдебін қалай жасау қажеттігі жөнінде жазып қалдырған. Онда зиярат ету кезінде құран оқып, дұға қылған жерлерді ізімен көрсеткен. Олар: Жолбарыс хан (Са’д Әулие), мешітте екі бас намаз оқу, Бағдизан Ақ Топырақ әулие, «Фатиха», «Ыхылас», «әл-Курси», «Мүлк» сүрелерін оқу, Марқаді Мүннавара Паклар, Әбділлә хан, Бибі Хисаб, Қазақ халқының әзіздері — Қазыбек би, Шоң би т.б., Абылай хан Сүйініш хан, Қоқырас хан, Әулие хан, Шорнағат хан, Ілияс хан, Құдықтан су ішу, «Халим-аба» тағамы дайындалатын жер, «Халауат» мешітіне кіру, Фам ғашық зікірші, Шихаб ад-дин Сарвар, Али Қожа Ата, Шайх Наджим ад-дин, Баба Ғариб, Үндемес ата, Жеті Ата, Үшбас Ата, Сұлтан Ибраһим, Имам Марғүзи-Көк тонды Ата, Қошшы Ата (Құшата), Гауһар Ана, Арыстан бабқа зиярат етіп, түнеу қажеттігін жазып қалдырған. Садық Сапабекұлы бұл орындардың бәрін Түркістанға зиярат етіп келген кезде көзімен көріп, марқұмдарға құран бағыштаған. Бұлардың ішінен Фам ғашық зікірші, Үшбас атадан басқасының жерленген жерлері анық болып отыр. Ал Жәмилә шын мәнінде Қожа Ахмет Ясауидің өкіл қызы болып табылады.Бұл жайлы Гауһар ана кесенесін зерттеген жұмыс есебінде де жазылған»,- дейді тарих ғылымдарының кандидаты, ғалым Марат Қымызұлы.

Ғылыми кеңес мүшелерінің айтуынша Жәмила жайлы М.Е.Массонның «Мавзолей Х.А.Ясеви» атты еңбегінде «1896 жылы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жақын жерде оның қызы Жамал ханымның мазары, ал кесенеден қашықтау жерде оның Гаухар-хуштадждың кесенесі бар»-деген деректер кездестіруге болады. Сондай-ақ, басқа қолжазбаларда да Ясауидің өкіл қызы Жәмила жайлы мәліметтер бар. Ясауитанушы, ғалым Д.Кенжетай да түркістандық Нажимов Оразбайдың үйінде сақталған «Насабнамада» Қожа Ахмет Ясауидің Жамал есімді қызы жазылғандығын растайды.

Ал, бүгінге дейін тізімге енбей келген Шахабаддин Исфиджаби (Әзіреті Молла) жайлы деректерде оның Қожа Ахмет Ясауимен бірге Исфиджабтан келгені айтылады. Кейбір мәліметтерде оны Ясауидің ұстазы ретінде де көрсетеді.

Тізімге енгізілген тұлғаның бірі Қожа Әлидің құлпытасы Кіші Ақсарай бөлмесінде сақтаулы тұр. Құлпытастағы жазуды 1978-1980 жылдары текстолог Ә.Дербісәлиев аударған. Ол жерде «Тәшкенттік Мір Османбай мырза Кәрімбай 1916 жылы қайтыс болды»-деген жазу сақталған.

Қазіргі таңда, кесенеде жерленген діни-рухани тұлғалардың саны – 51-ге жетсе, Темір, Шәйбан әулеттері мен Қазақ хандығы тұсында жерленген 17 тұлға, қазақтың 21 ханы, 8 сұлтаны, 23 биі, 63 батыры, 5 әзіз анасы, 10 датқа мен болыс, 30 игі жақсының есімдері белгілі.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

Айғақ медиа
11.02.2026
0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің тапсырмаммен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамытуға арналған тұжырымдама бекітілді. Басты мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті...

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫ МЕН БІРІЗДІЛІГІН БЕКІТЕДІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫ МЕН БІРІЗДІЛІГІН БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы: - «Жаңа Конституция жобасына...

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

Айғақ медиа
06.02.2026
0

Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.