Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Нұрсұлтан Назарбаев ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
    Айғақ MEDIA

    Нұрсұлтан Назарбаев ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.03.2021306 Views

    Қазақстанның Тұңғыш Президенті АН-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, — деп хабарлайды elbasy.kz.

    – Алматы қаласының әуежайында ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, қаза тапқан әскерилердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін, – делінген Елбасының жеделхатында.

    Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Мұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы қажеттігін твиттерде жазған Президент ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

    ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламаға сәйкес, 13 наурыз күні сағат 17.22-де «Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында ұшқан ҰҚК-нің АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, авариялық жағдайда Алматы әуежайына қонған. 

    Оқиға орнына 11 өрт сөндіру бөлімінен, республикалық жедел-құтқару жасағынан 9 адам, 1 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп; Алматы қаласының Құтқару қызметінен 5 адам мен 1 бірлік техника жұмылдырылған.

    Іздестіру және авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметінен 4 бірлік техника, Алматы облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 2 бірлік техника оқиға орнында жұмыс жасауда. Ұшақтан шыққан жану сөндірілді.

    Хабарламадағы мәліметке сүйенсек, 4 адам қайтыс болды, жарақат алған 2 адам Алматы қалалық 4 клиникалық ауруханаға жеткізілген.

    Оқиға орнына ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің күштері мен құралдары қосымша жіберілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.