Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жеткіншек елді мекенінде қар мен жаңбыр жаууы салдарынан жер асты суы көтерілді. Дегенмен үйлерді су басу қаупі жоқ. Жағдай толық бақылауда. Облыс әкімінің орынбасары Сакен Қалқамановтың басшылығымен шұғыл жиналыс өтіп, ТЖД, аудан әкімдігінің мамандары Жеткіншек елді мекенінде штаб құрды. Екі тәуліктен бері 6 мотопомпа су сору жұмыстарын жүргізуде. Ауылды су басудан аман алып қалу үшін экскаватормен 150м. көлденең қашыртқы да қазылған.
Жердің ылғалдығы мен ауа райының қолайсыздығына (жауын) байланысты жерді қазу жұмыстары баяу жүріп отыр.
Судың қай жақтан келіп жатқанын анықтау үшін екі зерттеу орталығы жұмыс істеп жатыр. Ал жер асты суларынан зақым келген үйлерде сараптама жүргізу үшін құрылыс компаниялары тартылды. Түркістан облысы ТЖД бастығы Н.Жүнісовтың айтуынша, Жеткіншек ауылында 92 үй бар. Ауылдағы барлық үйдің ауласына су кірмеген. Шеткі 22 үйдің жер асты суының деңгейі көтерілген.
Ал үйлерді арнайы мамандар бағалап тексереді.
Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі