Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОМПЬЮТЕР ТАПШЫЛЫҒЫ ШЕШІМІН ТАБУДА
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОМПЬЮТЕР ТАПШЫЛЫҒЫ ШЕШІМІН ТАБУДА

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.02.2021568 Views

    Білім саласындағы мәселелердің бірі – материалдық-техникалық база. Шымкенттегі оқу кабинеттерінің небәрі 32 пайызы жабдықталған. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматтағы халық алдындағы есеп беру кездесуінде биыл мектептерді жабдықтауға 6 млрд теңге бөлінгенін айтты.

    Мектептер 259 арнайы пәндік кабинетпен жарақтандырылады. Былтыр жыл басында Шымкенттің 27 оқушысына бір компьютерден келсе, қазір 4 оқушыға бір компьютерден келеді. Одан бөлек, биыл 28 мектептің ауласына спорт алаңдары салынады. Өткен жылы балалардың қауіпсіздігі үшін іште әжетханасы жоқ 36 мектепке әжетхана орнатылып, бұл мәселе толық шешілсе, биыл білім беру ұйымдарына 100 пайыз бейнебақылау және турникет қойылады. Олар полициямен интеграцияланады. Кәсіби білім беретін мекемелерге келер болсақ, былтыр 2 колледж жабдықталса, биыл тағы 5 колледж жабдықталады. IT, құрылыс, дәнекерлеуші, радиобайланыс мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беретін құзіреттілік орталықтары ашылады.

    Білім беру тақырыбын қорытындылаған әкім баланың білімі мен тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігі жөнінде баса айтты. «Білім беру ұйымдарының басшыларына білім сапасына қатысты жоғары талап қойылып отыр. Барлық директорларды адал жұмыс істеуге, білім сапасын арттырып, болашақ үшін қызмет етуге шақырамын. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы суицидті зерттеген Халықаралық ЮНИСЕФ қоры Қазақстанда ата-аналар балаларымен күніне тек 15 минут қана сөйлесетінін анықтапты. Ата-аналардан балаларымыздың білімі мен тәрбиесіне күніне кемінде бір сағат уақыт бөлуді өтінемін» — деді Мұрат Дүйсебекұлы.
    Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.