Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты басымдық
    Айғақ MEDIA

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты басымдық

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.02.2021694 Views

        Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің қалалық департаментінің ұжымымен және денсаулық сақтау мекемелері бас дәрігерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиын өтті.
    Онлайн шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали мен оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Б.Унербаев, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов, ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлері, жалпы саны 50-ден астам адам қатысты.      Басты мақсат –медициналық-әлеуметтік ұйымдарда сыбайлас жемқорлықты болдырмау, ұжым арасында парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру болып табылады.
    Кездесу барысында сөз алған Департамент басшысы А.Жұмағали елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатқандығын жеткізді. Соңғы өзгерістерге тоқталған Асхат Жұмағали сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынғандығын, жемқорлық үшін сотталғандарды бірден қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу мүмкіндігі қолданылмайтындығын, заңсыз сыйақы алушыларға ғана емес, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдарға да қатысты жауапкершілік қатаңдатылғанын, мемлекеттік қызметшілерге шетелдік банктерден шоттар ашуға және иеленуге тыйым салынғандығын жеткізді.
    Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мегаполисте жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін электронды форматқа өткізу, денсаулық сақтау саласындағы жұмысқа қабылдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша айтты.
    Сондай-ақ, жиында «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылған жұмысы да талқыланды.
    Шарада Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Б.Унербаев мекемеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен олардың алдын-алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
    Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов аталған саладағы жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы Жол картасы әзірленгенінен, атқарылған жұмыстар мен жоспарлардан хабардар етті.
    Айта кетейік, осы тұрғыдағы шаралар барлық сала өкілдерімен ұйымдастырылуда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.