• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Түркістан облысында жайылым жердің көлемі 742 мың гектарға артады

23.02.2021
0

Халықтың пайдаланатын жайылым жердің көлемі 742 мың га немесе 21% артады. Түркістан облысы аумағындағы жайылым жерлерді қайтарудың 5 бағыттық қадамдық алгоритм жобасы әзірленді. Облыс әкімінің тапсырмасымен дайындалған алгоритм бойынша жайылым тапшылығы орын алған 152 елді мекендер маңындағы халықтың мұқтажына алынатын учаскелер анықталып, басымдылық берілді. Бұл туралы өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте айтылды.Отырыста облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Самат Рамазанов жер саласына қатысты берілген тапсырманың орындалуы туралы баяндады. Бекітілген іс-жоспарға сәйкес, ағымдағы жылы І-жарты жылдықта 66,4 мың га ІІ — жарты жылдықта 63,2 мың га, жалпы 130 мың гектарға жуық жайылымдық жерлерді халықтың мұқтажына алу жоспарлануда. Алынатын учаскелер нақтыланып жатыр. Нәтижесінде жыл соңына дейін халықтың пайдаланатын жайылым жерлердің көлемі 742 мың га немесе 21% артпақ. Жалпы Түркістан облысында 3 млн 200 мың гектар жайылымдық жер бар. Жайылым жерлерді елді мекендер шегіне енгізу жолымен ауыл округтері әкімдерінің тікелей жауапкершілігіне беріледі. Тұрғындардың басқа да мұқтаждығына қажет болған жерді жергілікті қоғамдық бақылау ұйымдарының келісімі қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар халықты жайылым жермен толық қамтылғанша тұрақты бақылауда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан қаласы аумағын көгалдандыру бойынша атқарылған жұмыстардың барысы жайлы жауапты басқарма басшылары баяндады. Қаланы көгалдандыру үшін облыс аудандары мен басқармалары 32 секторға бөлінген. Әр сектор 10 мыңға дейін ағаш көшеттерін отырғызып, су жүйесін орнатып, ұңғымалар қазып, насостар қоюда. Газон егіп, жаңбырлатып суару жүйесін енгізуде. Қала аумағында терек, қарағаш, шырша, шаған, арша, үйеңкі ағаштары отырғызылды. Желден қорғау мақсатында ағаш тіреуіштер орнатылып, төрт жағынан жіппен тартылды. Алда ағаштарды паспорттау басталады. Бұдан бөлек, жол бойына гүл егетін құмыралар орнатылып, жарықтандырылатын болады. Веложолдар төселіп, көшелерде жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен ыңғайлы орындықтар орнатылды. Бұл аумақтарда тұрақты түрде сенбілік жұмыстары жүргізілуде. Апталық мәжілісте облыстағы су тасқыны жағдайы баяндалды. Апаттың алдын алу мақсатында жалпы төрт жыл көлемінде 71 шқ қорғаныс дамбасы, 75 шқ астам өзендердің бойында арна түзету мен жаға бекіту, 262 шқ каналдарды жөндеуден өткізіп, 430 шқ коллекторлар механикалық тазартудан өткізілді. Ақсүмбе, Бақырлы, Ащы су қоймалары күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Сырдария өзені бойындағы 22 елді мекенді  қаматамысыз етіп отырған «Үлкен су» дабыл беру жүйесі қайта жаңғыртылды. «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені» Жол картасының жобасына  20 іс-шара енгізіліп, жағалауды нығайту, түзету жұмыстарының уақытылы аяқталуы бақылауда болады. Көктемгі су тасқынын алдын алуға қажетті құрал-жабдық қоры жасақталып, облыс аумағындағы азаматтық қорғау құрылымдарының 5 мыңнан астам жеке құрамы, 1 мыңнан астам техникасы дайындыққа келтірілген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкенттік спортшылар армрестлингтен өткен ел чемпионатында 6 медаль олжалады

Next Post

Шымкент: 1 наурызда іске қосылатын самокат-шеринг жобасының таныстырылымы өтті

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.