Ақпанның 13-і, түнгі 00:40 шамасында үйіне келе жатып, көше бойында айқайлап көмек сұрап жатқан бойжеткеннің дауысын естіп, қатардағы жауынгер Калашников бірден сол жаққа қарай беттейді. Дер кезде көмекке келуінің арқасында зорлық іске жол бермек болған 2 азаматты тоқтатып, тиісті мекемеге хабарласқан.
Айта кетейік, Артем Романұлы 1997 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Мектеп кезінде әскери-патриоттық «Жас бүркіт» клубына қатысып, жоғары оқу орнын өңірлік Халықтар достығы университетінде тәмамдаған. Ішкі істер министрі тарапынан «Қоғамдық тәртіпті сақтаудағы қосқан үлесі үшін» медалін ҚР ҰҰ Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Талапкер Қыдырұлы табыстады.
«Адал ұл ер боп туса – ел тілегі». Бойжеткенді құтқарып, елдің алғысын алған жауынгердің еңбегі ескерілді. Көпке үлгі болды. Бұл ретте әскери бөлімнің тәрбиесін де айтуға болады. Әскери өмір – ерлік жасайтын, батыл шешімдер қабылдайтын нағыз азаматтарды тәрбиелейді.
Айғақ-ақпарат
