ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ
Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім қаралды. Премьер-Министр аталған келісім Үкімет пен қаржы реттеушілерінің келісілген іс-қимылдарын қазіргі жағдайларда қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. «Халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру – еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі басымдығы. Ол үшін ақша-несие, салық-бюджет және құрылымдық саясаттарды, сондай-ақ қаржы секторын дамыту саясатын үйлестіру қамтамасыз етіледі», — деді А. Мамин. Бірлескен шараларды іске асыру үш бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады. «Макроэкономикалық тұрақтылықты арттыру» бағыты аясында төмен инфляция, қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономиканың өсуі арасындағы теңгерімді қамтамасыз ете отырып, іскерлік белсенділікті ынталандыру бойынша шаралар қабылданады. Инфляцияны біртіндеп төмендету және оны орнықты экономикалық өсімге ықпал ететін төмен деңгейде сақтау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. «Қаржы нарығын дамыту» екінші бағытын іске асыру Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдауды көздейді. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын және экономиканың өсуін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, нарықтық тетіктер негізінде экономиканы банктік кредиттеуді едәуір кеңейту жөнінде шаралар қабылданатын болады. «Экономикалық өсімнің ұзақ мерзімді әлеуетін арттыру» үшінші бағыты аясында бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға негізделген экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыруды ынталандыру, қосылған құнның өңірлік және жаһандық тізбектеріне ендіру бойынша жұмыс жалғасады. Проактивті сыртқы сауда саясатын жүргізу, сондай-ақ инвестициялардың жаңа толқынын тарту жалғастырылады. «Экономиканың сапалы және орнықты дамуы үшін түбегейлі жаңа институционалдық жағдай жасалынады. Ол жаңа экономикалық жағдайда халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауатының артуына ықпал етеді», — деді А. Мамин. Премьер-Министр барлық мүдделі мемлекеттік органдарға Келісім іс-шараларының белгіленген мерзімде сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...
Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...
Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...
Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...
Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...
Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.